Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2548 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 05:24

Шығыс Қазақстан облысының басшылығы Глубоков ауданы жойылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Өскемен. 17 қараша. ҚазТАГ – Глубоков ауданы жойылады деген ақпараттың негізі жоқ, облыста ешқандай әкімшілік-аумақтық өзгерістер жоспарланып отырған жоқ, деп мәлім етті Шығыс Қазақстан әкімінің орынбасары Григорий Пинчук.

«Ментіпті Глубоков ауданының жойылатыны туралы сұрақтардың астында қалдым. Сайтта да сұрап жатыр. Бұл сөз қайдан шықты? Ешкім де Глубоков ауданын жоюды жоспарлап отырған жоқ, мұның еш мағынасы жоқ. Ешқандай әкімшілік-аумақтық өзгерістер жоспарланбаған, - деп мәлім етті Г. Пинчук брифингте.

Әкімнің орынбасары биыл Өскемен қаласын дамыту жоспарына сәйкес, және азаматтардың өтініштеріне байланысты ШҚО облыс орталығының шекарасына екі ауылдық округ ( Прапорщиково және Опытное поле ауылдары) қосылғанын жеткізді. Глубоков ауданының қалған аумағы бұрынғы шекараларда қалды.

Өткен аптада Шығыс Қазақстанда облыстағы ірі аудандардың бірі саналатын Глубоков ауданын жою туралы «мәселе шешіліп қойғаны» туралы сөз тарады. Аудан аумағының негізгі бөлігі Шемонаиха ауданына және Риддер қаласына өтеді деген болжамдар айтылған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5705