Қазақ жері - қазақтың ғана жері
Орыстілділердің «казахстанская земля» деп, қазақтардың «қазақ жері» деп екі түрлі айтатыны қызық. Орысша сөйлейтін «отандастарымыз» бұл жерді қазақтың ғана жері екенін мойындағысы келмейтін сияқты.
Шетелге шыққан спортшыларымызды да біздің комментаторлар сыртынан «казахстанцы» деп таныстырып жатса, сол шетелдік комментаторлар (ресейліктер де) оларды түзегендей болып, «казахские спортсмены» деп айтады. «Қазақстанда жүзден астам ұлт тұрады» деп сарнайтындарға осылардан үлгі алатын уақыт болды ғой!
Қазақстанда бір-ақ ұлт, қазақ халқы ғана тұрады! Қалғаны диаспоралар (келімсектер) немесе этникалық топтар ғана. Мысалы орыс халқы Ресейде тұрады, Қазақстандағыларын – «диаспора» дейді. Бір халық қатарынан екі мемлекетте өмір сүре алмайды! Сондықтан біздегі барлық этникалық топтардың ұлтын болашақта паспортқа «қазақ» деп қана жаза бастау қажет.. Сонда ғана қазақ жері барлығына бірдей ортақ мұраға айналады..
Жолымбет Мәкіш
Facebook-тегі парақшасынан