Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2322 0 пікір 18 Қараша, 2010 сағат 05:11

Kazakh Beef Company Иранға адал ет жеткізу үшін мал союды бастады

Тараз. 17 қараша. ҚазТАГ – «Kazakh Beef Company» ЖШС ирандық Diba Sun компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында Иранға адал ет жеткізу үшін Меркі ауданында сәрсенбі күні мал союды бастады, деп агенттікке Жамбыл облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ынтымақтастық туралы келісім мен экспорттық келісімшартқа облыс әкімдігі, Kazakh Beef Company және Diba Sun арасында 2010-шы жылы қырүйекте қол қойылған болатын.

«Kazakh Beef Company» ЖШС «халал» стандарттары бойынша ет өңдейтін кешенді Меркі ауданында Жамбыл облысының негізгі ет комбинаты –«Мерке-Ет» комбинатының  базасында құрған болатын.

Зауытты Kazakh Beef Company Қазақстан мен Иранда қабылданған «халал» стандарттарына сай модернизациялап және қайта жабдықтаған. Мамандардың бағалауынша, аталған зауытта жасалған азық-түлік осы стандартқа толығымен сәйкес келеді.

Ирандық әріптес шетелден 11 қызметкерді – ветеринар, ветдәрігер, зооинженер, «халал» стандарттары бойынша мал соятын және басқа мамандарды тартып, олардың бақылауы және қадағалауымен комбинатты қайта жөндеу жүргізіліп, олар сапа және  өндіріс технологиясының сақталуына толық қадағалау жүргізіп, сондай-ақ авиакөліктермен Тараз бен Теһран арасында тасымалдауға да жауап беретін болды.

Ынтымақтастық туралы келісімшартқа сай, ирандық әріптес жобаға өз қаражатымен қатысады, мал шаруашылығы саласында техникалық және консультаттивтік қолдау көрсетеді, өнімдердің «халал» стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді және жергілікті персоналды оқытып, үйретеді.

Алғашқы кезеңде кәсіпорынның қуаты тәулігіне бір аусымда 18-22 тонна ет өндіреді. Жоспар бойынша 12 рет ет жеткізу қарастырылып, жалпы жыл бойына 2,5 мың тонна ет жеткізу жоспарланған.

Ұсақ және ірі қара мал етін жеткізу келісімшарты $15 млн-ға жасалған, баға тұрақты, ал жеткізілім 100% алдын ала төлеу арқылы жүргізіледі.

Комбинатта қалдықсыз өндіріс жоспарланған – шұжық өнімдерін шығару қайта қолға алынады. Негізгі өндірістің қосалқы өнімдері – ішек-қарындары, терісі т.б. аутсорсинг негізінде қайта өңделіп, ішкі және сыртқы нарықта сатылатын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5684