Сенбі, 23 Қараша 2024
3470 0 пікір 14 Тамыз, 2017 сағат 10:54

Нарын өлкесінде тұрғындар алкоголь өнімдерін түгелімен жойды

Қырғызстанның Нарын облысындағы Эмгекчил ауылының тұрғындары ауылдағы бүкіл алкоголь өнімдерін жойды. Бұл бастамаға мұрындық болған жас белсенділер осылайша спирттік ішімдік саудасына тоқтам салмақшы. Бұл туралы жергілікті жастар ұйымының төрағасы Жаныбек Сопиев хабарлады.

Оның сөзінше, ауыл тұрғындары елдімекендегі барлық спирттік ішімдікті сатып алу үшін 400 мың сом жинаған, тағы 100 мың сомның өнімдерін дүкен иелерінің өздері берген. Тамыздың 11-і мен 12-і күндері спирттік ішімдіктерді ауыл сыртына шығарып, түгелдей жойған.

Тұрғындар көптеген қайғылы оқиғаларға алкоголь себеп болатынын айтады. Бұған дейін облыстық қазият Нарын облысындағы бес ауылда спирттік ішімдік сатуды біржолата тоқтатқаны туралы хабарлаған.

Дәл осындай жағдай жақында Ош облысындағы Жапалақ ауылында болған еді. Жергілікті тұрғындар ауылдағы бүкіл спирттік ішімдік атаулыны сатып алып, түгелдей бульдозермен таптап, жойған.

Өткен аптада Баткен облысында имамдар жергілікті дүкендерді аралап, спирттік ішімдік саудасынан бас тартуға шақырған. Бұдан кейін Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Мақсат қажы Токтомушов діни басқарма "алкоголь саудасына мәжбүрлеп тыйым салушыларды қолдамайтыны" туралы мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504