Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4698 0 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 09:23

Тәжікстан билігі жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның белсенді болуын сұрайды

Тәжікстанның мемлекеттік қаржыны бақылау және коррупциямен күрес агенттігі қоғам белсенділерінен елдегі 10 министрлік пен мекемедегі жемқорлық деңгейіне қатысты баға беруін сұрады.

Коррупцияға қарсы агенттік өзінің ресми сайтында азаматтар хабарласа алатын байланыс телефондары мен электронды поштасын көрсеткен. Осы арқылы министрліктер мен мекемелердің қызметі жайында баға бере алады.

2016 жылдың соңында Тәжікстан үкіметі аталған мекемеге коррупциялық қатерге талдау жасау керек деген тапсырма берген. Ел президенті Эмомали Рахмон да коррупцияға қарсы агенттік профилактикалық жұмысты күшейту керек деген.

Transparency International халықаралық ұйымының биыл жариялаған коррупцияның деңгейіне қатысты көрсеткіші бойынша, Тәжікстан 175 елдің ішінде 152-орында тұр. Сарапшылар тәжік қоғамында жемқорлықтың кең етек алғанын айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1005
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2550
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 703
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 674