Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4537 0 пікір 22 Тамыз, 2017 сағат 08:28

Еуроодақ санкциясына ілінген дипломат Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі болды

Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбі күні Ресейдің АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі етіп Анатолий Антоновты тағайындады. Кремльдің сайтында жарияланған мәліметке қарағанда, ол БҰҰ-ның Вашингтондағы тұрақты бақылаушысы қызметін де атқарады.

Ардагер дипломат Антонов Қырымды аннексиялауына және Ресейдің Украина шығысындағы жанжалға араласуына байланысты 2015 жылдың ақпан айында Еуропалық одақтың және Канаданың "қара тізіміне" енген. Ал 2015 жылдың қыркүйек айында Украинаның санкция тізіміне кірген.

Антонов 30 жылдай Ресейдің сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді. Бір жылдай сыртқы істер министрінің орынбасары, бес жылдай РФ қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2004—2011 жылдары сыртқы істер министрлігінде Антонов қауіпсіздік жөніндегі департамент директоры қызметін атқарып, әскери-саяси келіссөздер жүргізген.

Ол енді АҚШ-та елші болған Сергей Кислякты алмастырады. Кисляк АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігімен байланысы болды деп дауға қалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 909
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2355
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 615
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594