Тойы болмаған қыздың хикаясы
Abai.kz ақпараттық порталының электронды почтасына "Майгүлдің майысқақ махаббаты" атты матрериал келіп түсті. Шағын әңгіме үлгісінде жазылған дүниенің бүгінгі күннің кейбір суреттерін боямасыз көз алдымызға әкелгені үшін жариялап отырмыз. Жеңіл жүріс арқылы қызметтен қызметке өрлеген Майгүлдің тағдыры оқырмандарды ойландырса деген ниетіміз бар.
Abai.kz ақпараттық порталы
Көктемі мен жазы түгілі күзі мен қысының өзі жаймашуақ жылы болып келетін өңірде туып-өскендіктен бе қайдам, Майгүл Қолдасынқызы Жапбарова ханым тым ерте есейді. Балиғат жасына жетер-жетпестен өзге қатар-құрбыларынан ерекшеленіп тұратын. Кеуде тұсындағы қос анары бұртиып, бөксесі бұлтиып бозбалалар мен желіккен жігіт-желеңді еріксіз өзіне қарай тартатын. Сұлуға сұқтанбайтын жан бар ма?! Оған сырттай ғашық болып, өздерінше меншіктеп жүрген үлкен-кіші көп-тін. Мұның үстіне әуелетіп ән салып, би билеп, жазу-сызудан да хабары бар болатын. Тіпті мұнысымен кішігірім ұжымдық жинақта да көрініп үлгерген.
Бұл қыздың тым ерте есеюінің тағы бір себебі әкесі Қолдасын аты шыққан алқаш-тұғын. Анасы Рахима жеңіл жүрісті жан еді. Ағасы Шерхан төбелестің түбін түсіретін. Әпкесі Кәлима да жігіттермен сүйісу мен олардың құшағына құлай кетудің хас шебері-тін. Әрине, ойраны түскен отбасындағы ауыр аура мен пессимистік-психологиялық ахуал бейжеткенді мына ғажайып өмірден бейтарап қалдырған. Соның әсері болса керек, ол кешқұрым мезгілде жігіттермен қыдыруды, аймалап өбісуді ұнататын, әрі онысын өзіне ерсі де көрмейтін. Ғашықтық пен жігітқұмарлық дерті бойын билеген бойжеткеннің бұл қылықтарына әй дейтін әже, қой дейтін қожа табылмайтын.
Арман қала – Алматыдағы медицина академиясын аяқтап үлгерместен Көктөбені кезіп, төсек рақатын көріп қалған қызды еріккенннің бәрі ермек ететін. Жоғары курста оқитын жылтыңбайлар мен алып қаланың қылтыңбайлары өздерінің үшкір найзаларын оның көлшігіне қайта-қайта батырып алудан әсте тайынбайтын. Ауылдағы ата-анасы мен аға, әпке, бауырлары оны дәу доқтыр болады деп пәруәйлары пәлек болып жүрген.
Бір жолы мынадай сұмдық оқиға болды. Сайлауға түсіп, бағын сынап көрмек болған дәу дөкей қапелімде Майгүлді кезіктіріп қалады. Бұл кезде ол аудандық ауруханада қатардағы қарапайым гинеколог дәрігер болып істейтін. «Сайлаудан өтсем өтермін, өтпесем кетермін» деп жүрген Булат Мусабековтың ойы кілт бұзылады. Түр-түсі келісті сұлуды Шымқаладағы қонақ үйлердің біріне шақырады. Оған қымбат көйлек әперіп, қолына сақина, мойнына тросс, құлағына сырға салып, жатын бөлмесіне қарай сүйрей жөнеледі. Қапелімде есікті ішінен кілттеуді де ұмытып кеткен екен. Арақ-шараптан алшақтап қашпайтын, темекі тартудан тайынбайтын бойжеткен екеуі түні бойы әмпей-жәмпей болады. Шашы селдіреген, түр-тұлғасы шойын қап-қара дәу дөкей аппақ қардай аруды әбден мыжғылап, езеді. Уылжыған жас қыздың көлшігіне малтыған мырза өзінің үшкір найзасын әрең суырып алады. Осы тұста бөлмеге кенеттен кіріп келген Мария мен Сейітжан беттерін басып, бұрылып тұра қашады. Майгүл олардан қымсынып ұялсын ба, аппақ санын жалтыратып, ыңқылдап-сыңқылдап төсектен әзер көтеріледі. «Мені көрдіңдер ме?!» дегендей, қос қолын төбесіне көтереді. Иә, дәл сол жылы халық қалаулысы бола алмаған Булат осылайша қалың елді біраз шулатады. Алайда Майгүлдей майысып тұрған жас ойнас тоқал тапқан оның өз есебі түгел-тін. Бәйбішесінен тығылып, сығылып жүріп нақсүйерімен жиі жолығудың амалын табады. Таусылып бітпейтін іссапарлар мен той-томалақты желеулетіп онымен ұшырасып жүреді. Ойнайды, күледі. Әрине, олардың өзара не істегендерін бір Құдай ғана біледі.
Сол Булат «Қырғын» деген керемет кітап жазып, онысын ұялмастан Майгүл бас дәрігер болып қызмет істейтін жүйке жүйелерін емдейтін ауруханаға да әкеліп тастайды. Байтал бастықтың айтқанын екі етпейтін мақұлбайлар әлгі кітапты жапатармағай сатып алады. Жиналған ақшаға авторитетті автор көңілдесіне шуба пальто әпереді.
Ауданды місе тұтпаған Майгүл облысқа қызметке ауысады. Әрине, бұған Булаттың облыс әкіміне жасаған бір ғана телефон соғуының септігі тиген. Алдымен наркологиялық орталыққа бөлім меңгерушісі болып орналасады. Мұнда ол Айдулла Мекенбеков деген бас дәрігердің қармағына түсіп қалады. Жылы-жұмсақ диванға бір аунатып алғаннан кейін Майгүл оның жанды қуыршағына айналғанын өзі де сезбей қалады. Қысқасы, Айдулла «жат» десе жатады, «тұр» десе тұрады, «қой» десе қояды.
Сөйтіп өзара әмпей-жәмпей болып жүргенде облыстық клиникалық ауруханаға бас дәрігердің орынбасары болып ауысқан Айдулла нақсүйерін бірге ала әкетуді де ұмытпайды. Ол өзін «Медицинаның маршалымын» деп санайтын. Әріптестері бұл екеуінің құпия тірліктерін бес саусақтай жақсы білетін. Алайда, іш дерттері ішінде болып, ашық айтуға батылы бармайтын. Жиын-тойларда бірге билейтін. Кездесіп қалса кәдімгі ерлі-зайыптылардай құшақтасып, сүйісіп сәлемдесетін. Көрген жұрт: «Анау бір аяғын сындырып алған қағынған кәрі қақпастың мұнысы несі екен?!» дейтін.
Көп өтпестен Майгүл онколгиялық ауруханаға бас дәрігер болып барады. Барғаны құрысын, білімді де білікті кадрларды ашықтан-ашық қудалайды. Сөйтіп, кәсіби дипломы жоқ, басқа саланың мамандарын топырлатып қызметке қабылдайды.Үш әріптен тұратын құзырлы мекемеде істейтін біреудің інісін жұмысқа алып, оны өзіне орынбасар етіп тағайындайды. Қарсы келгендердің бәрінің апшысын қуырады. Тіпті сонау бір кездері науқастың температурасын өлшеп, қалай укол салуды үйреткен ұстаздарын да аямайды. Отқа, сотқа сүйрейді. Сондағы бар сенгені шаншуға өтпей қалған кәрі найзалы көкелері-тұғын.
Мұның бәрін де місе тұтпаған ол медицина қызметкерлерінің облыстық кәсіподағына төрайым болып сайланады. Мың сан дәрігердің тоқсан тоғызы ғана жақтап дауыс бергенімен, жиналыстың алқасында отырғандар «Өзге қарсыластарынан көп дауыс жинады» деп төрайымдыққа сайлап жібереді. Қолына қоғамдық ұйымның мөрін ұстаған ол өзінше тыраштанып белсенеді. Медицина қызметкерлерінің арасында спартакиада, семинар-трениг, флеш-моб, сан алуан байқаулар өткізуімен көзге түседі. Креативті басшы атанады. Тіпті өзі бір топ нақсүйерлерін жинап алып, Астана мен Алматыдағы телевизиялық байқауларға да қатысып қайтады. Оның бұл қылығын нағыз продюсер, шоумен дерсің.
Майгүлдің маңайына мылқау, меңіреу, мақұлбайлар жинала бастайды. Солардың бірі Өрік Малданов ұшына шыққан жағымпаз, лауазым үшін қойнындағы қатынына дейін сатып жіберетін сұмырай болып шығады. Байтал бастығының ып-ыстық майқұйрығына кіріп алған ол өзін менсінбегендерді құрықтай жөнеледі. Оларды сыртынан жамандап, қызметтен қуады.
Медициналық академияның ректоры Тоғанбай Маяшев пен облыстағы аса беделді партияның басшысы, халық қалаулысы Құлашбек Мәдібеков те Майгүлдің оттай ыстық құшағында қорғасындай балқып, тар төсектен терлеп-тепшіп шыққандардың тізімінде тұр. Халық қалаулысының сенімді көмекшісі Рустам Байымбетов те көпті көрген келіншекпен бірге түнеу бақытына бөленген. Бұған Алматыдан ауып келген Әбит Мастанбеков тәрізді тағы біреуді қосыңыздар.
Қысқасы, Майгүлдің айы оңынан туып тұр. «Ақ» дегені алғыс, «қара» дегені қарғыс. Кез келген нақсүйер көкелерінің тілін тауып, көңілін көтеруге тым шебер-ақ. Қызметке өңкей байынан ажырасқан жесір, жеңіл жүрісті, теріс қылықтыларды жинап алып, ондайларға қажетсінгендердің қышуын қандырып жүргеніне мәз-мейрам. Сондайлардың бірі «Жылдың үздік дәрігері» ретінде «Алтын ине» жүлдесін жеңіп те алған. Енді бұған күлесіз бе, жылайсыз ба, ерік өзіңізде.
Неке тойы болмаған, үстіне ақ көйлек, фата, қолына гүл ұстамаған Майгүл маймөңкелеп жүріп бір емес, жүз жігіттің, жүз емес, мың мырзаның көңілін оп-оңай тауып та үлгерген. Кәдімгі «Мың бір түн» хикаясындағыдай керемет күй кешкен. Ең алғашқы байы Серімбет Мұсаевтан Рабиға есімді қызы бар. Оны өзгелерге «сіңлім» деп таныстырып жүретін көрінеді. Одан кейінгі Булат, Айдулла, Құлашбек, Тоғанбай, Рустам, Әбит, біз біле бермейтін тағы басқалар, тағысын сол сияқтылар, толып жатқан сал-серілері әбден сілікпесін шығарғаннан кейін бе, соңғы кездері сауық-сайранға, жігіт аулауға кемірек шығатын көрінеді. Әйтпегенде ше, қырықтың қырқасына шығып, белі мен бұты бірігіп кеткен кәрі қаншықты қайтсін қасқалар. Жылмаңдаған жиырма жасар бойжеткендер мен отбасын ойран еткен отыздағылар тұрғанда. «В сорок пять, ягодка опять» деп өзін-өзі жұбатып жүрген жан кей кейде тобасына келгендей болады. Басына орамалын тартып, мешіт жағалайды. Онысы Алла тағаладан кешірім сұрағаны ма, несі екен?!
Демократия демекші, әркім ойына келгенін істейтін, әркім қалаған адамымен
жүретін, ойнап, күлетін, тіпті түнеп те қалатын зымиян заманда Майгүл секілді маймылдан аулақ жүріңдер, мырзалар демекшіміз! Әйтпесе ол біріңді сегіз жылға соттатып, енді біріңді тентіретіп тезек тергізіп жіберуден әсте тайынбайтын тәлпіш. Мына ғажап өмірде махаббатта жолы болмаған, тойы болмаған қыз өзінің бар ашу-ызасын ащылау арақ-шараптан, көк түтінді темекіден, қала берді желіккен жігіттерге қылмаңдаумен ғана тойтарғысы келетін тәрізді. Айдың, күннің аманында осындай адасушылардан сақтасын дейік, ағайын!
Қайырбек ҚАЛЖАНОВ
Abai.kz