Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2871 0 пікір 24 Қараша, 2010 сағат 06:14

Оңтүстік Қазақстанда түйетауық өсіретін фабрика жұмысқа кірісті

Шымкент. 24 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында түйетауық өсіретін жаңа фабрика жұмысын бастады. «Біз инкубаторларға құстардың алғашқы партиясын – 30 мың жұмыртқа салып қойдық. 10-шы желтоқсанға балапандар ашылуы тиіс», - деді «Ордабасы құс» ЖШС директоры Марат Тағаев.

Оның айтуынша, сол уақытқа кешеннің салтанатты ашылуы жоспарланған. М. Тағаев түйетауықтың етті тұқымының жұмыртқаларын арнайы Канададан алдырғанын жеткізді. «Құстың мекиендері тауарлық салмаққа 110 күнде жетіп, 12 кг салмақ береді. Ал қораздары 140 күн дегенде 20 кг-нан асатын салмақ көрсетеді», - дедйді фабрика директоры.

Жоба бойынша фабрика қуаты жылына 5 мың тоннадай диеталық ет өндіруге есептелген. Кәсіпорын израильдік технологиямен жұмыс істейді, де жабдықтар барлық үдеріске бақылау жасап отыруға мүмкіндік береді.

«Қазір біз Шымкентте сауда орындарын жасап жатырмыз. Онда осы пайдалы етті сатпақшымыз», - деді М. Тағаев.

Түйетауық бағып, оның етін өндіретін құс кешені 500 адамға жұмыс орнын тауып береді. Олардың жартысы құс кешенінің жанындағы учаскелерде өзіміздің жемді дайындаумен болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627