Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2146 0 пікір 24 Қараша, 2010 сағат 10:28

Шәріпхан Қайсар. Ахметжан ата келе жатыр!..

Алақай, Аяз ата... жо-жоқ, Ахметжан ата келе жатыр! Ахметжан ата Алматының көшелеріне алдымен Жаңа жылдық шыршалар қояды, балаларға базарлық береді.

Базарлығын білмейміз, Ахметжан Есімовтың желтоқсанның бірінен бастап Алматы көшелеріне Жаңа жылдың жасыл шыршаларын «егіп», шырақ жағуға шындап кіріскені туралы баспасөз қызметі хабарлап отыр. Шыршалар Алатау ауданындағы Бағдат Мәнізоров мырза отырған әкімшілік үйінің алдында, Алмалы ауданындағы ескі алаңда, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қарсысында, Бостандық ауданындағы жаңа алаң мен цирктің, Жетісу ауданындағы «Құлагерде», № 148 мектептің ауласында, Медеу ауданында «Ғылым Академиясының»  қасында, Түрксіб ауданында Оқушылар үйінің жанында бой көтермек.

 Әкімшілік шырша мерекесінің қауіпсіздігіне қатты назар аударып көркемдігіне барынша мән беріп отыр. 

 Сонымен, Жаңа жылды лайықты қарсы алудың қарбаласы әдеттегідей басталып кетті. Сонда дейміз-ау, аңсатып, зарықтырып жеткен Азаттығымыздың 19 жылдығы қайда, қай шыршаның тасасында қалды?! Неге біз алдымен Тәуелсіздік күнін атап өткен соң барып, Жаңа жылға дайындалмаймыз?!!  Өйткені, бізде «жаңа ғасырдағы жаңа Қазақстан» (Н. Ә. Назарбаевтың сөзі) ұғымымен ұрандасқан рух жоқ. Ол рух бар еді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында болған. Өрекпіп өмір сүрген. Бірақ, билікке бейсауат келген атқамінерлердің құлтерің психологиясы жыл өткен сайын елдің, әсіресе жас буынның Азаттыққа деген аңсар тілегін аямай езіп-жаншып, жойып барады. Қазақстанда қазір Тәуелсіздік сыйға тартқан мемлекеттік мерекелер емес, советтік маскүнемдердің мерекесі баяғы дәріпіне қайта оралуда.

23-ақпан дүниені қанға бөктірген Совет Армиясының құрылған күні болатын. Ол күнді іргеміздегі Ресей «нағыз ер-азаматтардың» мерекесіне айналдыра қойып еді, біздің орыстілді баспасөзден бастап бәрі еліріп соның дүрмегіне қосылып кетті. Биыл, Ресей 7-қазанда жарты әлемді жалпақ жердің бетінен бөліп әкете жаздаған коммунистер билігіндегі сұрапыл  заманың суық белгісі - « қазан төңкерісін» тойлады. Келер жылы орыстан қалмай біздің де «қазан төңкеріп»   қағынарымыз анық.

Шыршамызға оралайық. Иә, енді таяу күндері Алматы мен өзге де қалаларымызда Жаңа жылдың жарығы жағыла бастайды. Ал, Тәуелсіздік күні «кенеп көйлек» сатып алып  «қызыққа» кенелеген кемпірдің  бейдауа қарттығын мазақ еткендей алас қапаста өтеді  де кетеді.  Анығы Ахметжан «аталар» ат белінде отырғанда жуық арада Тәуелсіздік рухы қазақтың бойына сіңе қоймас.  Сонда бұлар, қай елдің әкім-қарасы атанып, қай дәуірде өмір сүріп жатыр?  Тым құрығанда үлкен кісінің көңілі үшін Тәуелсіздік мерекесіне мән беріп, дайындық жасай алмай ма?

«Абай-ақпарат»   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608