Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 11688 10 пікір 31 Тамыз, 2017 сағат 17:36

Ғұмар Қараш: Дүмше молдалар ғана тек мал союды дәріптеп жүр

 

Редакциядан: 19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың басында өмір сүрген, Алаштың ардақты азаматы, көрнекті ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылымға шақырып, берекелі ел болуға үндеген қайраткер-ағартушы, дін-шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік тілдерін жетік білген ғұлама-ахун, қоғам қайраткері Ғұмар Қараш атамыздың құрбан шалу туралы тәпсірін informburo.kz сайты Құрбан айт күнінің қарсаңында жария етті. Исі мұсылман үшін қасиетті Құрбан айт күндері ысырапшылдыққа көп жол беретінімізді ескере келіп, Ғұмар Қараштың ескертуін ел есіне салып қоюды біз де жөн көрдік.

«... Әлгі жоғарыда бірсыпырасының аттары жазылған қатырма тысты қалың кітаптарға қарағанда құрбан айының 10-ынан бастап 12-сі күні күн батқанға шейін халі жеткен адамдар бір қой яки бір ешкінің, я болмаса түйе, сиырдың біреуінің жетіден бірін шалып, қанын ағызуы шарт.

Құран шарифтің 32, Хажы туралы сүресіндегі: «ләм янәлуллаһу ләхуахұма уәлад мәһуһа уәләкин янәлуһу әннаһуа минку» деген терең мағыналы аятына қарағанда, Алла разылығы үшін деп шалынған малдың еті, қаны жетпейді, бәлки ақ ниет, адал жүрек жетеді, яғни малды шалып, қанын ағызу яки табақтап етін тарту мақсұд емес, бәлки адам мал-мүлкін қиып, жақсы күндерде Алла жолына түсуі мақсұд деген.

Бірдің емес, көптің, жалпы жұрттың, ұлттың пайдасына жараған орынды. Алланың өзі һеш нәрсеге мұқтаж емес. Енді осы заман халін, ұлтымыздың жәйін ойлап қарасақ, әлгі аяттың көрсеткен жолымен жүрсек, сол құрметті ізгі үш күнде нендей орын тиісті, ұлтымызға пайдалы болып, сол орнымызға малымызды сарп ету жарайды, нағыз сауапты құрбан болып мойнымыздан түседі. Мұнда һешбір садақа болуға орын жоқ".

Енді Ғұмар Қараш атамыздың Құрбан шалу тұрғысында Хамидолла бауырына жазған пәтуә хатын куәлікке шақырайық.

Ғұмар Қараш: "Құрметлі бауырым Хамидолла! Сізге бұның ғажап болып көрінуі – жасыңыздан құрбан деген қан ағызу деп басыңызға сіңіп қалғандықтан, Сізге үйреткен молдалар құрбанды ашып, шариғаттың рух пәлсапасын үйретудің орнына, әлгі қалың кітаптардағы мың жыл бұрынғы халге, заманға қарай айтылып қалған сөздерді үйретіп, осыдан айрылмай, тап осыны өзгертпе дегендіктерінен. Өзіңіз ойлап қараңызшы: жыл сайын хаждардағы Мына деген жерде құрбан күні жүз мыңнан артық мал: қой, түйе, сиыр бір күн ішінде шалынып, жерге көміледі, бұл ұят емес пе?! Мұндай исрапты ақ шариғат қосар ма?

Міне, осылардың бәрі шариғаттың рухын тастап, адасуымыздан келіп тұр. Пайғамбарымыз (с.ғ.) заманасында ислам мәдениетінің негізі жаңа басталып салынған уақыт болғаны үшін мектеп, медресе, кітап-құрал деген заттар болмаған, жазу-сызу да мұнда аз болған. Сол себепті ол күндері құрбандықты шалып, фақыраға етін таратудан басқа тиісті орын табылмаған. Осы күнде пайғамбарымыз тіріліп, қайтадан арамызға келіп, халымызды көрсе, ең әуелі бастап өз құрбандығын сатып, біздің ғылымды-өнерлі болуымызға, басқа елдерге қатарласуымызға жұмсар еді".

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036