Үнділердің үнін өшірген арабтар
Қай бірі жылы Дубайға барғаным бар. Жергілікті үнді қызметкермен біраз күн амандасып жүріп, ақыры сөйлесіп кеттік. Сонда, әлгі үнді өзінен-өзі арабтарды, олардың заңдарын, тәртіптерін жамандай кетті. Айтуынша:
1) үнділер айына 300$ артық жалақы ала алмайды (қалғаны тамаққа және тұрғын үйге деп ұстап қалынады);
2) көбі құрылыста істейді және әлсіздік танытып, бұйрыққа бағынбаған үндіні, салынып жатқан көпқабатты үйдің үстінен лақтырып жіберу үйреншікті жағдай;
3) құрылыстағы бүкіл үнді мал сияқты: суы мен төсегі жоқ жертөледе тұрады;
4) күніне 12-14 сағат жұмыс істейді;
5) кез-келген тәртіп, не заң бұзған үнді, бірден депортацияланады және оның бүкіл алыс-жақын туыстары да енді Дубайға жұмысқа ешқашан келе алмайды;
6) қызметте, кезекте, жалпы күнделікті өмірде олар ешқашан арабтың жолын кеспейді, сөзін бөлмейді, алдына кезекке тұрмайды. Қарсыласпайды. Бұл - жазылмаған заң;
Мақсатым, тура сондай заңдар орнату емес, адамдарды нәсіліне қарап бөлуге қарсымын, сол сияқты үндінің де елге келіп қара жұмыс істеуіне қарсымын. Бірақ, Дубайда 500 мың арабтың 5 млн келімсекті темірдей тәртіпке бағындырғанына таңым бар.
Дəурен Бабамұрат
Abai.kz