Жұма, 11 Қазан 2024
4997 1 пікір 7 Қыркүйек, 2017 сағат 09:34

Қырғызстан мен Өзбекстан Әндіжан-Ош-Қашқар күре жолын ашады

Қырғызстан мен Өзбекстан биліктері Әндіжан-Ош-Қашқар күре жолын ашуды көздеп отыр. Бұл туралы 6 қыркүйекте "Достық" шекара бекетінің ресми ашылу салтанатында Әндіжан облысының шубернаторы Шухратбек Әбдірахманов хабарлады.

Екі ел тұрғындары алдында сөйлеген шенеунік қуанышын жасыра алмады.

"20 жылда алғаш рет! "Достық" өткізу бекеті арқылы төлқұжат көрсетіп өте бересіз, бұрынғыдай телеграмма немесе басқа да құжаттар қажет болмайды. Біздің мақсатымыз - тұрғындардың бір біріне еркін қонаққа баруына жағдай жасау", - деді ол.

Жогорку Кенеш депутаты Искендер Матраимов 2017 жылдың 5-6 қыркүйегі қырғыз-өзбек қарым-қатынасының тарихына енгенін айтты. "Достық" шекара өткізу бекеті өз атына сай екен", - дейді депутат.

Сейсенбі, 6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев екі күндік сапармен Қырғызстанға барды. Президент сапары аясында екі елдің басшылары бірнеше құжатқа қол қойды, солардың арасында қырғыз-өзбек шекарасы туралы келісім бар.

Abai.kz

1 пікір