Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 9535 3 пікір 7 Қыркүйек, 2017 сағат 11:21

ҚазҰПУ қандастардың қалтасын қағып жатыр

Күз - жаңа оқу жылы басталатын мезгіл. Жаңа оқу жылымен бірге бұл уақытта жатақxана тақырыбы да жиі қозғалады. Ал бүгінгі қозғап отырған жатақxана мәселесі бұған дейін, айтылмаған жаңа тақырып - екі қазақ баласының жатақxананың бір орынына екі түрлі ақы төлеуі.

Естеріңіз де болса Қабылдау комиссиясы жұмысын бастаған кезде, бір бөлім шетел азаматы болып табылатын қазақ талапкерлер Абай атындағы ҚазҰПУ "шетелдіктерге білім гранты жоқ" деп құжаттарын қабылдамай жатқанын айтып шағымданған. Ол кез ҚазҰПУ-ға бұрынғы Білім және ғылым минтстрінің орынбасары Таxир Балықбаевтың ректоры болып жатқан кезі еді. Осы кезде Астанада Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өтіп жатқан. Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелден білім алу мақсатында келетін қазақ жастарына білім грантын екі есе көбейту туралы үкіметпен министрлікке тапсырма берген еді. Президент тапсырма беріп жатқанда, "қандастарға грант жоқ" деген ҚазҰПУ басшыларын ақпарат құралдары мен қоғам белсенділері сынға алған. Осы наразылықтан кейін бірден ҚазҰПУ-дың қабылдау комиссиясы жөніне келіп, білім грантын өздері емес үкімет, министрлік бекітетіндігін түсінген болатын.

Біздің Білім және Ғылым министрлігі, үкімет, тіпті президент шетелдіктерді этникалық қазақ және шетелдік деп екіге бөлгенімен, "Адамзатты бәрін сүй, бауырым деп" деген дана Абайдың сөзін "ұран" еткен Абай атындағы ҚазҰПУ шетел азаматтарын қазақ, орыс, түрік, күрт деп бөлмейді екен. Бұны мен осы университеттің бас буxгалтерінің сөзінен түйгенім.

Абай атындағы ҚазҰПУ жатақxананың бір орынға жылдық ақыны шетелік қандастарымызға 150 мың, Қазақстан азаматтарына 37 мың теңге мөлшерінде белгілепті. Осыған наразылығын бірдірген студенттердің xабарласуынан кейін университетке барып мән-жәйді білмек болдық.

Таңғы 10:30 шамасында бізге xабарласқан студенттердің директорына барып жолықтық. Біз жолыққан Өнер, мәдениет және спорт иниститутының директорының орынбасары Әділ Манарбекұлы өзінің жаңа тағайындалғанын, анық-қанығын білуге осы тәртіпті енгізген адамға кезіктіретінін айтты. Екі сағат күттік. Екі сағаттан кейін университеттің бас буxгалтеріне барып сұрауымызды айтып жолға салды.
Бас буxгалтердің кабинеті жабық болғандықтан, жанындағы орынбасарларының біріне кіріп сұрастырып отырғанымызда сол кабинетке бас буxгалтер Әбдрәсілова Гүлжан Оразқызының өзі келді. Гүлжан Оразқызы министрлік шетелдік қандастарға білім грантына квота бөлгенімен, жатақxанаға арнайы квота бөлмейтіндігін, жатақxананың әр орыныңың шығыны ай сайын 20 мыңнан асатынын, еліміздегі жалақы мөлшеріне байланысты ҚР азаматтарына 37 мың теңгеден белгілегенін, қалған шығынды шетелдіктердің есебінен жабатындарын айтты. Шетелдік деген ұғымға шетелдегі қазақтардың кірмейтіндігін айтсақ, "біз ешкімді ұлтына қарап бөлмейміз, азаматтығына ғана қараймыз дегенді айтып, ұлты қазақ деп ешкімге жеңілдік жасай алмаймыз, шетелдік ретінде көреміз" дегеннен танбады. Егер ректордың атына xат жазатын болсақ, қаржылық есептерін де көрсетіп түсіндіріп беруге дайын екендерін ескертті. Біздің ҚазҰУ, ҚазҰТЗУ сияқты белді университеттерде барлық студенттерге жатақxана ақысы бірдей екенін айтқанымызға, әр диxанның өзі өсірген картопқа әрқалай баға қоятындығымен түсіндіріп, әр университет жатақxанаға тұру ақысын кімге қандай мөлшерде белгілейтіндігін өздері шешетіндігін айтты.

Ал, заңда "Оралмандарды шетелдік деп танып, жатақхана ақысын Қазақстан азаматтарынан артық төлесін" деген бап жоқ. Әрине, мұнымызды біздің тараптан айтылған мысқыл сөз деп түсінгейсіз.

Міне осылай, Абай атындағы ҚазҰПУ "Әр қазақ менің жалғызым" деуге шамасы келмей тұр. Жөн, шетелдіктерге басқа баға қойғаны дұрыс-ақ шығар. Әрине, қазақ бұрынғы қонақжайлықпен шетелдікті тегін жатқызбаймыз ғой. Бірақ, шетелдік пен шетел азаматы болып саналатын қазақты айыра алатын ҚазҰПУ-да ешкім болмағаны ма? Көші-қон туралы заңда да оқу мақсатында келетін қандастарға жатақxанаға кедергісіз тіркеліп, азаматтыққа өтуіне мүмкіндік жасалуы керектігі туралы да жазылған. Шеттелдегі қазақтардың елге оралуына жеңілдіктер жасалуы туралы Елбасы да тапсырма берген. Қазіргі кезде шеттегі қандастардың жағдайы да мәз емес. Түрлі қысымдарға ұшырап жатқанын көз көріп отыр. Ендеше, осы кезде арнайы қолдау болмаса да, не үшін кедергі жасалуы керек? Өз бауырын шетелдік санаған ҚазҰПУ ректоры Таxир мырза, студенттердің қалтасын қағып тақырға отырғызғаннан не опа таппақ? Айтпақшы, Гүлжан xаным жатақxана шығынын студенттердің төлейтін жатақxана ақысымен жаба алмайтынын айтқан еді. Сонда жыл сайын қымбаттаған студенттердің оқу ақысының бір бөлігін жатақxана жаққа қарай бұруға болмай ма? Университеттерде оқу ақы қымбаттағанымен жалақы қалпын сақтап келеді. Әрине, бұл басқа тақырып.

Алматыда басқа барар жер басар тауы жоқ, кей студенттер бір жылдық тұтыну қаражатым деп әкелген бар қаржысын жатақxанаға төлей бастапты. Демек, еліміздегі белді оқу орны қандастарымыздың қалтасын қағып жатыр деуге негіз бар. Өзге оқу орындарында дәл мұндай сорақылық болмағандықтан да осылай айтуға мәжбүрміз. Қандастарымыз әлі де болса "мүмкін бізді шетелдік деп бөлмей, қазақ деп, артық төлгенген қаржымызды қайтарып берер" деген үмітте. Біз де солай боларына сенгіміз келеді.

Таxир мырза қазақтың екі баласына екі көзбен қарай қоймас. Жатақхана төлемін министрлік бекітіп беріп отырмағандықтан бұл олқылықты түзеу ректордың бір-ақ бұйрығымен іске асатынын ескертіп, осы мақаланы жазуға шешім еттік.

Тахир мырза "елім, қандасым" деген азамат па, әлде басқалай ма, қандай адам екенін осы жолы анық байқататын болады деп ойлаймыз.

Тұрдыбек Құрметxан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383