Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3123 0 пікір 27 Қараша, 2010 сағат 07:55

Әли Секел. Азаматсың, Алмат!

Ағылшындар қазақстандық студент екі адамымызды соққыға жықты деп шулап жатыр. Тентектік жасап, төбелес шығарған Алмат С. деген бозбала көрінеді. Ол барда отырғанда біреулердің Бораттың кейпіне еніп Қазақстанды келеке қылғанын естиді.

Жиырма жастағы жігіттің жынына тиген кемсіту оның намысын оятқан. Еуропаның төрінде, бөтеннің елінде жүр екенмін деп кібіртіктемей әлгі екі «сайқымазақтың» сазайын тартырыпты. Көшедегі бейнебақылау камерасы Алмат әлгі немелердің біреуін қолтығына қысып алып лақтырып жібергенін, шіліктің арасына тығылған екіншісін шілтитіп желкелеп әкеліп май құйрығынан бір тепкенін түсіріп алыпты.

Ағылшындар олар қазақты кемсіткен жоқ, Алматқа көшеде кездейсоқ кездесіп қалған деп ұлар-шу болды. Соны ескерген сот Алматты әкімшілік жазаға тартып 200 сағат ақысыз жұмыс істеуді әрі төбелес кезінде үш саусағы сынып, бет-ауызын ағаш тілген Марк Хорзег дегенге 750 фунт өтемақы төлеуге әрі сотқа кеткен шығындар үшін 85 фунт төлеуді міндеттеген.

Қалай болғанда да «азаматсың, Алмат!» демеске амалымыз жоқ. Шетте жүрген әрбір жасымыз қазақтың намысын өзіңдей қорғаса елдігіміз де жоғары болары сөзсіз.

www.masa.kz сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572