Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4534 4 пікір 15 Қыркүйек, 2017 сағат 09:42

Үлкен продюсерлер әулеті

Өткен тамыз айында құдамды Алматыға шығарып салғанбыз.
Туысының әнші ұлы атақты әнші қызға үйленгелі жатыр екен.
Барып келді...

Ұзатылып жатқан болашақ келін бала өзі ғана әнші емес, үлкен продюсерлер әулетінен екен. Тіпті бас продюсер қыздың да өзіне әкесі продюсер көрінеді...

Мейлі ғой...

Құдамды таңғалдырған ол емес екен.

Тойға ылғи ығай мен сығай әншілер жиналғаны да түсінікті...

- Ең сорақысы, кезекті әнші әнін бастай бергенде бас продюсердің продюсер әкесі қолындағы тізімге қарап жаңа құдалардың бірінің атын атап микрофонмен, "Мынау ән сізге арналады!" - деп хабарлайды екен. Аты аталған жаңа құда амал жоқ, қалтасынан ақша алып әлгі әншінің алдына тастайды. "Дариға-дәурен" әнін танытқан әншінің өзі сол әнді арнап тұрса, амал жоқ, молырақ беру керек. 20 мың тастадым...

Елдің назары ән мен әншіден гөрі, жаңа құдалардың қалтасынан шыққан қолына көбірек ауған....

Құдалардың санына байланысты 10 шақты ән кетті...

Екінші круг кетті.

Қазығұрттық "мылиса" жиен 2 ән үшін 60 мың теңгені құрбандыққа шалды.

Өзіме арналған "Дариға-дәуренге" 20 мың тастағанымды жоғарыда айтып өттім.

Қырсыққанда менің кезегім келгенде "Аққу-арман" басталды. Әнші сол нағыздың өзі. Жолға жүрерде үлкен ұл қалтама 20 мың салған. Өзімше, ауылға қайтып келген соң сабан-пресс сатып аламын деп жоспарлап қойғам.
"Аққу-арман" менің сол жоспарымды "ұшырып" жіберді. Беретінін беріп болып микрофонды сұрап алып, "Шақырылған әртістердің ақшасын қонақтардан шығарып алатын мұндай "керемет" дәстүрлеріңіз бар екенін ертерек біз ауылдан шықпай ескертулеріңіз керек еді. Біз бір-бір сиырды сатып, "ән-шашуларыңызға" дайындалып келер едік, - дедім. ..

***
Ал сіздер Сайлаубекті сөгесіздер...

Өмір Шыныбекұлы

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483