Серік Ахметов абақтыдан босады
Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметов бостандыққа шықты. Қарағанды облысы, Қарабас ауылындағы колонияда жазасын өтеген Ахметовті түрме алдынан журналистер күтіп алды. Бұл туралы Sputnik.kz-ке сілтеме жасай отыып, qazaquni.kz хабарлады.
Серік Ахметов әр жылдары Қарағанды облысының әкімі, қорғаныс министрі, премьер-министр қызметтерін атқарды.
«2017 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан үкіметінің бұрынғы басшысы Серік Ахметов бостандыққа шықты, оның үкімі жазасын шектеуге ауыстырылды», – деп хабарланды соттан.
Енді экс-шенеунік қалған жазасын үй қамағында өтейтін болады.
«Барлықтарыңызға рахмет. Мен демалуға үйге кеттім», – деді колониядан шыққан Серік Ахметов.
Abai.kz