Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
5198 0 пікір 22 Қыркүйек, 2017 сағат 10:32

Қазақстандық адвокаттар құқықтары бұзылатынын айтып ЕҚЫҰ ұйымына шағымданды

Қазақстандық үш адвокат — Әсел Тоқаева, Сергей Сизинцев және Данияр Қанафин бұл күндері Варшавада өтіп жатқан ЕҚЫҰ конференцясына қатысты.

Адвокат Данияр Канафин Қазақстанның әділет министрлігі дайындаған "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заң жобасының ережелеріне қатты алаңдайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл заң жобасы адвокатура тәуелсіздігін шектейді.

Адвокат Әсел Тоқаева елдегі жағдай мәз еместігін айтты.

"Адвокат өз қызметін орындау кезінде белсенді бола бастағанда, судьялар оларды жекелеген үкімдер шығару арқылы қорқытуға тырысады", - деді Тоқаева.

Биыл оған және оның екі әріптесіне "заң әділеттігін орнатуға кедергі келтіргені үшін" қылмыстық іс қозғалған. Адвокаттар өз клиенттерін сотта белсенді түрде қорғағандарын айтты. Сот ісі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтанға қатысты болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1351
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2927
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1003
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 937