Сенбі, 23 Қараша 2024
Дабыл 7010 7 пікір 22 Қыркүйек, 2017 сағат 14:44

Уәкілетті органдарға мемлекеттік тіл мазақ ету үшін керек пе?

1989 жылдың 22-ші қыркүйек күні (Кеңес үкіметі салтанат құрып тұрған уақытта) Қазақ ССР-де «Тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл статусына ие болды. 1995 жылы яғни, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Конститутцияның 7-бабында да «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп, тайға таңба басқандай  жазылған. Ата Заңымыздың негізінде «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, қазақ тілінің қолданысын кеңейту жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Бағдарламаның жүзеге асуына қоғамдық ұйымдар да белсене атсалысып келеді. Оған «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау» қоғамдық қорының «Til-audit.kz» жобасы мысал бола алады. Сайт орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, банктер мен ЖОО-ның ресми интернет-ресурстарындағы мемлекеттік тілдің қолданысын қадағалайды. Тілдер мерекесі қарсаңында орталық және жергілікті атқарушы органдардың сайттарындағы мемлекеттік тілдің ахуалына үңіліп, олардың қызметтері туралы мәлімет бергенді жөн көрдік.

Орталық атқарушы органдардың ресми сайттары арасында мемлекеттік тілді ең нашар қолданатындар – Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Инвестициялар және даму, Білім және ғылым, Ұлттық экономика министрліктері. Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігіне анықталған қателіктері бойынша 7 рет ескерту хат, 1 рет ресми хат жолдадық.  Екі айдан аса уақыт өтсе де жолдаған хатымызға жауап берілмеді. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, мұндай хаттар 15 күннің ішінде қаралуы тиіс еді. Аталған заң талаптарын министрліктің не үшін орындамай отырғаны түсініксіз. Жолдаған хатымызда министрлік өкілінің Үкімет басшысы Б.Сағынтаевқа жасаған баяндамалары орыс тілінде жазылғандығын ескерттік.

Мейлі дейік, Үкімет басшысына орыс тілінде есеп берсін. Сайтқа осы есептің қазақша нұсқасын салуға болады ғой. Министрлік «Ақпараттандыру туралы» заңның 17-бабы 5-тармағында жазылған «Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі қазақ тіліндегі ақпараттың көлемі орыс тіліндегі ақпарат көлемінен кем болмауға тиіс» деп жазылғанын білмей ме?

Министрлік сайтының Парсы шығанағы елдерін «Қиыр Шығыс елдері» деп (қазіргі БАҚ-тың көбі «Таяу Шығыс» деп атап жүр. Бұл жер біз тұрған аймаққа Таяу Шығыс бола алмайды) қателескен. Төменде калька аударма.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсы да мемлекеттік тілдегі ақпараттарға аса назар аудармайтын секілді. Көрнекі сипаттағы слайдтық жұмыстары көбіне орыс тілінде жасалады. Қазақ тілді парақшаларында төмендегідей жазулар жиі ұшырасады.

Білім тұтқасын ұстап отырған министрліктің ресми сайтындағы мемлекеттік тілдің халі де мүшкіл. Мұнда тұтас бір сөйлемді аяқталмаған күйде тақырып етіп қойған жазба кездеседі. Төмендегі тақырыптан сөйлем құраудың өзі мұң болғанын байқауға болады.

Жергілікті атқарушы органдарға келсек, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан  облысы әкімдіктерінің ресми сайттарындағы мемлекеттік тілдің қолданысы көңіл көншітпейді. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Күн тәртібінде – жылыту маусымының дайындығы» жазбасына көз жүгіртсек, әрбір екінші сөйлемнен қате шығады.

Ал, Ақмола облысы әкімдігінің сайтында Конститутция күнін атап өткені туралы  мынадай ақпарат жарияланды(суретте). Бұл – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыратын күн емес пе?

Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайты да мемлекеттік тілдегі ақпараттарды қалай болса солай жаза салады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарындағы мемлекеттік тілдің жайына қарап, Елбасының «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз» деген сөзі еске түседі. Алдағы уақытта біз атаған уәкілетті органдар жіберген кемшіліктерін түзетеді деп сенеміз.

Жасұлан Наурызәлиев, 

«Til-audit.kz» сайтының редакторы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347