Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4970 0 пікір 1 Желтоқсан, 2010 сағат 04:38

Астанада ЕҚЫҰ саммиті ашылады

Астана. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Астанада сәрсенбі күні ЕҚЫҰ саммиті президент Нұрслтан Назарбаевтың баяндамасымен ашылады.

Мұндай ауқымды шара соңғы 11 жылда өткізілмепті. Соңғы рет саммит Стамбулда (Түркияда) 1999-шы жылы өткізілген.

Еске сала кетсек, Ұйымға 2010-шы жылы төрағалық еткен Қазақстан Астанада саммит өткізу туралы ұсыныс айтқан болатын. 3-ші тамызда ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрлер кеңесінің отырысында бұл бастама қолдау тапқан.

Бұрындары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесуді өткізудің маңыздылығын атап өткен. «Еуропалық лидерлер Қазақстанға сенеді, саммитті өткізуді дұрыс деп есептейді. Бізде жауапкершілік үлкен – әлемдік масштабтағы осы үлкен шараны аброймен атқарып шығуымыз керек», - деді Н. Назарбаев.

«Саммитті лайықты деңгейде өткізу үшін біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», - деп қорытындылады мемлекет басшысы.

Оның негізгі тақырыптары - еуразиялық және еуроатланикалық кеңістіктегі қауіпсіздік, Ауғанстан проблемасы, Қырғызстандағы ахуал, «қатып қалған» деп аталатын шиеленістерді шешу болады. Олардың ішінде ЕҚЫҰ-ның даму перспективасына ерекше назар аударылады.

Форумның қорытындысында Астана декларациясы қабылданады деп жоспарлануда.

Осы, Хелсинкий қорытынды актісін қабылдағанның 35, және Париж хартиясын қабылдағанның 20 жылдығын аталып өтетін мерейлі жылы мемлекет және үкмет басшылары, осы елдер Ұйымға кіргенде мойнына алған барлық міндеттерін, нормалар мен принциптерін орындайтығын тағыда қуаттайды деп күтілуде. Ұйымның күн тәртібінде тұрған барлық мәселелер бойынша жұмыстарды жандандыру және жетілдіру жөніндегі тапсырманы мемлекет және үкімет басшылары сыртқы істер министрлеріне тапсыратын әрекет жоспары қабылданады деп күтілуде.

СІМ министрлігінің мәліметтерінше, саммитке қатысу үшін 75 ресми делегация, сондай-ақ халықаралық ұйым, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері келеді деп күтілуде.

Астанаға форумға қатысатын 5 мыңдай қонақтар келеді деп жоспарланған.

ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің самитті өткізуге жұмсаған шығыны 11 млн еуродан асты. Оның үштен екісін Қазақстан төледі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053