Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3458 0 пікір 1 Желтоқсан, 2010 сағат 07:32

Аман Аспанұлы. Құдайға Қалеловадан халық жақын

«Біреуді Құдай қаңғыртады, біреу Құдайға көнбей өзі қаңғырады» деген сөз бар. «Қазгидромет» мекемесі бас директорының орынбасары Анаргүл Қалелова ханымды Құдай қаңғыртқан жоқ. Тілінен тапты. Шайтан түртті ме, әлде   оқыстан айтқаным айдай келіп, мәртебем өсер деп ойлады ма екен жоқ бәлки, Есілдің сол жағалауындағы шалығы бар шенеуніктердің бірі «Не істесеңдер де, Саммит күндері ауа-райы ойдағыдай болсын», деп тапсырма берді ме кім білсін, әйтеуір, Қалелова ханымның ЕҚЫҰ - ның саммиті өтетін күндерге жасаған болжамы болмай қалды. Болмай қалғаны былай тұрсын, болжаммен бүгінгі Астанадағы ауа-райының арасы жер мен көктей болып шықты. Бұдан бұрын Анаргүл ханым өзі тіленіп шығып, бірнеше рет «Саммит өтетін 1-2 желтоқсан күндері Астананың ауа-райы құбылмалы болады. Бірақ, 35 градусқа дейінгі бет қаритын аяз, қатты суық және боран болмайды» деп жар салып еді.

Амал не, «Қазгидромет» пен Анаргүл Қалелованың өкінішіне қарай, болжағаны болмады. Астанада дәл қазір ат құлағы көрінбес ақтүтек боран ұйтқи соғып тұр. Құдай-ау, саммитке бола халықтың құлағына әмір бермегеніміз аздай көктен келетін, бір Құдайдың құдіретіндегі және қалауындағы дүниеге қол сұғып неміз бар еді?! Қалелова ханым «Құдай білмейді, «Қазгидромет» біледі», дегендей қағынып еді, Жаратқан Құдай Астананы ақ боранға орады.

Жалпы, әсіре белсенділіктің де шегі болуы керек қой. Саммит үшін жер бетіндегі аса мәртебелі мемлекеттер мен олардың басшыларын неге де болса көндіруге болар. Алайда, оны аздық көріп, Құдайдың құзырына қол сұғудан асқан күпірлік болмаса керек. Сол бір сайтан алғыр, болжамын айтпай-ақ қойса да, саммиттің сәні кетпес еді. Енді, міне, «Астана, саммит, ақборан, аха-хо-хоу» деп ән салып отырмыз.

Бәрін қойшы, Қалелова ханымның халі нешік екен жазған-ай. Тыныштандыратын дәріні еселеп ішіп, естанды халде отыр ма екен?!

Айтпақшы, Қазгидрометтен қарапайым қазақтың болжамы шындыққа саятын сықылды. «Абайда» тұрған сауалнамаға қараңыз: жұрттың басым бөлігі саммит күндері «ақ түтек боран болады» депті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053