Сенбі, 23 Қараша 2024
Тарихтың бір күні 5857 8 пікір 2 Қазан, 2017 сағат 10:24

Католония: азаттығынан айрылған елдің түбі бір сілкінері хақ

 

Испания Корльдігінің құрамында автономды ел мәртебесімен өмір сүріп келген Католония өз дербестігін жариялауды жөн көріп отыр. XVII ғасырдың орта шеніне дейін, Ұлы Карлдың дәуірі аяқталғанша, жеке мемлекет болып келген Католония Пиреней келісімінің салдарынан 1659 жылы Испания мен Францияның бөлшектеуіне түскен. Алайда, католондықтардың кеудесінде тәуелсіздік рухы сөнбесе керек, араға 500 жылдай уақыт салып барып міне,  азат өмір сүруге ұмтылып жатыр. Әрине, бұл кезге дейін Испания автономды Католония халқының құқығын таптап, тілі мен ділін жойып, қуғын-сүргінге салыпты дегенді ести қойған жоқпыз. Католония автономды мәртебесіне лайық өмір сүрді. Алайда, бостандықтың аты – бостандық. Бұл бір есептен Батыс демократиясының шекті халін көрсетсе керек.

Сонымен кеше Католонияда Тәуелсіздікке қол жеткізуді көксеген референдум өтті. Референдумға қатысқандардың 90 пайызы Католонияның Тәуелсіздігін жақтап дауыс берген. Әйткенменде, бұл жайтты ресми Мадрид мойындаудан бас тартты. Би-би-си-дің хабарлауынша, полициямен халықтың арасында қақтығыс болып, 800 адам дене жарақатын алған.  Бұныменде шектелмей полиция жасақтары сайлау орындарына басып кіріп, бюллетендер салынған жәшіктерді талқандап, тартып алған. Испания Үкіметі аталған референдум Конституцияға қайшы дегенді айтады. Ал, Католония Үкіметінің басшысы Карлес Пучдемон болса, ресми Мадрид пен полиция жасақтарының қарсылығына қарамастан референдум өтті, Католония референдумның нәтижесі бойынша Тәуелсіз ел деп есептейді.

Қалай десек те, азаттығынан айрылған ел түбі бір сілкінері мына заманда белгілі бола бастады. Әне, күрдтер жеке мемлекет болуға барын салып жатыр. Ресейдің құрамындағы татар, башқұрт бауырларымыз бір-ақ күнде Тәуелсіз ел атануға дайын отыр. Әлемдегі осындай қауырт қозғаластан секемденген Қытай қауіпсіздік мәселесіне қатты көңіл бөліп, мемлекет құрамындағы аз ұлттарға барынша қысым жасауда. Ал, жуырда Мияньмадан бөлініп кетуді көздеген жергілікті мұсылмандар қанды қырғынға ұшырады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Барселона қаласының орталығына мыңдаған жұрт жиналып, Католонияның Тәуелсіздігін қолдады.

Abai.kz

 

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383