Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4095 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 05:10

Орал...

Орал... «Бақасы қойдай шулаған, балығы тайдай тулаған» ақ Жайықтың жағасындағы қала қадым заманнан бері қилы оқиға мен топты тартыстың ортасында болып келеді. Пугачев бастап, қылышынан қан тамған казактар салған қырғынды, Чапаев нұсқап, «қызыл жұлдыздардың» да ойранын өткерген Оралда кезінде ақиық ақын А. Пушкин, аудармашы В. Даль қона жатқан, қазақтарға мейман болған. Ұлт-азаттық майданның ар-ұятындай болған Исатай, Махамбет, Сырымдардың соңынан ерген көп қазақтың ду көтеріліп, мылтықтың дүмімен жаншылатын жері де осы. Сөйткен Орал бүгінде Батыс Қазақстан облысының орталығы, 220 мыңдай тұрғыны бар, мәдени-экономикалық инфрақұрылымы қалыптасқан, сәулет ескерткіштері самсаған қалаға айналды. Қазағымның қаласы да, даласы да амандықта болсын!

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 960
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2467
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 664
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 641