Интернет-конференция: Расул Жұмалы
Ел ішіндегі және халықаралық дәрежедегі қоғамдық-саяси мәселелерге қатысты ой-пікірін қалың бұқараға жеткізіп, қоғамдық көзқарасты, ойды қалыптастыруда жұрт назарында жүрген саясаттанушы Расул Жұмалы «Abai.kz» порталының оқырмандарымен еліміздің ЕҚЫҰ ға төрағалығының жай-жапсары және Астанада өтіп жатқан аталған ұйымның саммитімен онда әңгіме тақырыбына айналған дүниелердің ертеңі мен берері жайлы ой бөлісіп, сауалдарға жауап қатуға ниеттеніп отыр.
Өмірбаян
Жұмалы Расул Берекетұлы. 1971 жылы Алматыда туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін бітірген. 1992-2007 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және Үкіметінде, сондай-ақ Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Либия, бірқатар басқа мемлекеттерде жұмыс атқарған. 2007 жылдан бері «Эксклюзив» жорналының бас редакторы. Саясаттанушы. 150-ге тарта мақалалары мен сараптамалық еңбектері жарық көрді. «Геополитика Центральной Азии. О былом и насущном» атты кітаптың авторы.
«Абай-ақпарат»