Жексенбі, 6 Қазан 2024
Жаңалықтар 2612 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 06:38

ҰӘҚ мен ЕҚДБ басшылары ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Алматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов пен Еуропаның қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Томас Мироу бастаған делегация қаржы дағдарысын еңсеру және ҮИИД бағдарламасын жүзеге асыру салаларындағы өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Бейсенбі күні ҰӘҚ баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.

«Қ.Келімбетов пен Т.Мироу ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру мәселелерін, ЕҚДБ-ның оларға ықтимал қатысуын талқылады. ҰӘҚ мен ЕҚДБ-ның инновациялық саясат мәселелеріне көзқарастарының ұқсастығы атап көрсетіліп, Қазақстанда энергетикалық қуаттар нарығын либерализациялауға қатысты жаңа заң нормаларын қабылдау перспективасы және бұдан «еліміздегі «таза» энергетиканың дамуына оң әсері талқыланды», - делінген ҰӘҚ хабарламасында.

Сондай-ақ, кездесу барысында биылғы жылы ҰӘҚ-мен бірлесіп құрылған Kazakhstan Growth Fund қорының тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

Бұдан басқа, екі ұйымның Kazakhstan Corporate Recovery Fundжаңа бірлескен тікелей инвестициялар қорының шеңберіндегі өзара іс-қимылы талқыланды, «бұл қор ағымдағы ликвидтілігіне қатысты қиындықтары бар компанияларды ұзақ мерзімді қаржыландырумен айналысатын болады».

Кездесуде ЕҚДБ-ның үдемелі индустриалды-инновациялық даму (ҮИИД) мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі қарастырылды.

ҰӘҚ мен ЕҚДБ басшылары қазақстандық компанияларды несиелік қаржыландырудың жаңа мүмкіндіктерін, қазақстандық компанияларды корпоративтік басқаруды жақсартудағы ЕҚДБ-ның ролін талқылады.

«Қазақстандық компанияларды несиелік қаржыландыру әдістемелерінің жаңа бастамалары талқыланып, банктің заемшы компанияларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және корпоративті басқаруды жақсартудағы ЕҚДБ-ның ролі, осы әдістердің ҰӘҚ-тың стратегиялық мақсаттарымен қалай үйлесетіні сөз болды», - делінген мемлекеттік қордың ақпаратында.

0 пікір