Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 6721 4 пікір 10 Қазан, 2017 сағат 10:03

Ердоған Киевте Қырым татарларын қорғап сөйледі

 

Киевке ресми сапармен барған Түркия президенті Тайып Ердоған өз елі Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық біртұтастығын қолдайтынын айтты. Ердоған 9 қазанда украиналық әріптесі Петр Порошенкомен бірлескен мәлімдеме жасап тұрып Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын "мойындамай келгенін, ешқашан мойындамайтынын" мәлімдеді.

Ердоғанның сөзінше, Түркия Қырым татарларының басындағы ахуалды жіті бақылап отырады. Ол Украинаға Қырым татарларының құқықтарын қорғап жатқаны үшін алғыс айтты.

Ресей Украинаның құрамындағы Қырым автономиялық аймағын 2014 жылғы наурызда аннексиялап алған еді. Мәскеу түбекке әскер кіргізіп, тәуелсіздік туралы референдум ұйымдастырған. Референдумның нәтижесін көптеген ел әлі мойындамайды. Ресей Украинаның шығысында бас көтерген сепаратистерге дем беріп, қарулы қақтығыс кезінде 10 мыңнан астам адам өлген.

Халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдерінің үкіметтері Мәскеуге қарсы шыққан Қырым татарларының қудалауға ұшырап жатқанын айыптап келеді.

9 қазанда Украина президенті Петр Порошенко Twitter парақшасында:

"Бүгін Қырымдағы Украина азаматтарының құқықтары мен бостандығын халықаралық механизмдер аясында қорғай беруге келістік" деп жазды.

Киевтегі үш сағаттық Украина-Түркия келіссөздерінен кейін екі жақ бір жылдық сауда айналымын 3.8 миллиард доллардан 10 миллиардқа дейін өсіруге уағдаласты деп хабарланды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 888
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2305
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 592
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 576