Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 6397 0 пікір 6 Қазан, 2017 сағат 14:07

Мүшәйра."Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп..."

Алматы қаласы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «ЗАМАН» парасатты және салауатты өмір» Қоғамдық қоры жоғары оқу орындарының студенттері арасында жас ақындар мен жазушылар және журналистер арасында мүшайра өткізеді.

Мақсат: Еліміздің ішкі тұрақтылығы мен тыныштығын, ынтымағы мен бірлігін сақтауға бағытталаған мемлекеттік стратегиялық мақсаттардың негізінде жастардың ұлттық сана, рухани болмысын қалыптастыруға бағытталған өлең туындыларын жарыққа шығару, ұлттық патриоттық, адамгершілік сезімін ояту.

 

Мүшайраның тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...»

Қойылатын талаптар:

  1. Өлең уағыз түріндегі, бір бағытты әсіре діни сипатта болмауы керек!
  2. Өлеңнің мазмұны қоғамда конфессияаралық келісімді және толеранттықты насихаттауға; радикалды діни ағымдардың, экстремистік ұйымдардың деструвтикті идеологиясының қауіптілігін ашып көрсетуге; жастарды адамгершілікке, қазақы тәрбиеге баулуға; қазақы ұйқас арқылы дін мен дәстүрдің ажырамас егіз ұғым екенін көрсетуге; толеранттылықтың бастауы дін ғана емес дәстүрде де, тәрбиеде де екенін өлеңмен жеткізуге бағытталуы тиіс.
  3. Өлең 2 беттен (Times New Roman, 14-шрифт) аспауы тиіс. Яғни оқығанда 5-7 минуттан көп болмауы керек.

Жүлделі орындарға арнайы марапаттаулар мен бірге ақшалай сыйақы беріледі.    Жалпы жүлде қоры:  600 000 теңге.

Бұл шараға Қазақстанның кез-келген жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.  Тілі − қазақ тілі.  Шығарманы 2017-жылдың қазан айының 1-нен қараша айының 1-не дейін zamanfund@gmail.com электронды адресіне аты-жөндеріңіз бен телефон  нөмірлеріңізді, қай оқу орнында, нешінші курста оқитындықтарыңызды көрсетіп жіберіңіздер. Жіберілген өлеңдердің ішінен үздік делінген 10 туынды таңдап алынады және авторлары қазылар алқасының алдында өз өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультетінің акт залында 16.11.2017ж, сағат 10:00-де.

Мүшайраға қатысыңыздар!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417