Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3525 0 пікір 12 Қыркүйек, 2017 сағат 15:04

Батыста Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті жиыны өтті

Ағымдағы жылдың  11 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Аталмыш жиынға облыстық және аудандық Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, БҚО ҚХА ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері,  этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық басқарма басшылары мен Орал қаласы әкімінің және аудан әкімдерінің орынбасарлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде қоғамға байланысты бірқатар мәселелер қозғалып, баяндамалар оқылды. Мәселен, діни экстремизмге қарсы іс-әрекет ету және  діни ахуалды қоғамдық бақылаудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі туралы Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов сөз сөйледі. Өз баяндамасында басқарма басшысы облысымыздағы дін мәселесінің көрсеткіштерін, проблемаларын айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Жұбаныш сыбайлас жемқорлықты алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарындағы  Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі туралы өз баяндамасын қорғады.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы БҚО тілдерді дамыту басқармасы бөлімінің басшысы Гулжайна Каздукқызы баяндады. Өз баяндамасында Гулжайна Каздукқызы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызу екенін айтты. Күн тәртібіндегі қарастырылған тағы бір мәселе, ол  «Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша облыста жүргізілетін  өлкетану жұмыстары және жобаны  жүзеге  асыру бойынша «Үздік елді мекен», «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй» байқауының ережесін бекіту туралы болды.

Екі сағатқа созылған Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, сұрақтар мен пікірлер айтылды. Отырыс соныңда Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғайса Қапақов Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелеріне куәлітер табыстады.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449