Жексенбі, 20 Сәуір 2025
46 - сөз 5073 20 пікір 16 Қазан, 2017 сағат 09:51

Саяси арандату

Мен ұлы саясаткер де, кемеңгер саясаттанушы да емеспін, қарапайым қазақпын. Бірақ соңғы қазақ-қырғыз қатынасына қатысты жайтты түсіну үшін данышпан болудың қажеті жоқ. Бірінші сөзінің өзі де, бүгінгі сөзі де нағыз саяси арандату.

Аталмыш сөздерден кейін қос ұлттың арасында сына қағылары анық. Өйткені қоғамның ішінде түрлі түсініктегі адамдар бар. Түркі халықтарының бірлігі ең маңызды болуға тиіс сәтте, олардың араздасуы, артынша әлсіреуі кімге тиімді? Әрине, түркі елдерінің көркеюін қаламайтындарға. Демек қырғыз басшысы солардың сөзін сөйлеп отыр.

Қазақ билігі де сүттен ақ, судан таза емес шығар, бірақ дәл мұндай айыптауға бара қоймас. Біреуден қорыққаны үшін емес, бірлікті қалағаны үшін. Дархан көңіл қазақ осы уақытқа дейін Хан Кененің басын орыстан сұраса да, қырғыздан даулаған емес! Өйткені қым-қуыт заманда бізге бірлік маңызды. Қарапайым қазақтың саяси сауаттылығы кей туыстас бауырларымызға қарағанда жоғары екеніне осындайда риза боламын. Бастысы бірлік бұзылмасын!

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

20 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4937
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131