Бейсенбі, 7 Қараша 2024
EXPO - 2017 7553 0 пікір 30 Қыркүйек, 2017 сағат 14:22

ЭКСПО көрмесі аясында жарты миллион турист әлемнің 187 елінен келді

Халықаралық мамандандырылған көрменің қорытындысы туралы «Астана ЭКСПО 2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметовпен арнайы сұхбат жүргізген едік. Әлішер Пірметов айтулы шара еліміз бен оның астанасының туристік әлеуетін айтарлықтай дамытып, жаңа белестерге шығарғанын айтып, қазақстандықтардан сүйінші сұрады. Сұхбатты толығымен Abai.kz оқырмандарының назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.  

– Әлішер Хабибуллаұлы, «Астана Экспо-2017» жемісті өткені туралы көп айтылып жатыр. Шын мәнісінде, жемісті өткенін немен байланыстырасыз? Келушілер санымен бе?

– Әлбетте, бұл негізгі көрсеткіштердің бірі. Кез келген көрме, соның ішінде біздің көрмеміз де келушілерге бағытталғандықтан, олардың саны мен келіп-кетулер саны – біз үшін мағызды екі сан. «Астана Экспо» нәтижесі үмітті ақтап, барлық болжамдардан асып түсті. Тіркеу құжаттамасына сай біз екі миллионнан астам қонақ келеді деп күткен едік. Нәтижесінде көрмеге төрт миллионға жуық саяхатшы, соның ішінде жарты миллион турист әлемнің 187 елінен келген. Ал «Экспо-2017» нысандарына бару санына келсек, ол, тіпті, нанғысыз. Болжанған бес миллионның орнына 33 миллионнан астам келіп-кету тіркелген. Ең көп тамашаланған павильон, әрине, «Нұр Әлем». Ол Астана мен Қазақстанның жаңа көрнекті орнына айналғаны сөзсіз. Қысқа мерзім ішінде ол Қазақстанның нөмірі бірінші туристік жері атағына ие болды. Екіншіден, көрмені ұзарту туралы астаналық кәсіпкерлердің атынан түскен хат таңғалдырды. Әлбетте, көрмені қуана ұзартар едік, алайда Халықаралық көрмелер бюросының қатаң регламенті мен қатысушылардың шектеулі бюджеттеріне байланысты бұл қолымыздан келмеді. Бірақ бизнстің осындай қызығушылығы, меніңше, нағыз жетістік. Көрмеге дайындық басталғалы біре, 2015 жылдың қыркүйегінен, яғни лауазымға Ахметжан Есімов тағайындалғаннан бастап, ел бойынша он мыңдаған жұмыс орын ашылды. Әрине, ішкі және сыртқы туризме түрткі саламыз деп үміттенгенбіз. Алайда туристік бизнестің осыншама реакциясы мен өсімін күтпеп едік...

– Бұл астана бойынша. Ал өңірлерде ше? 

– Өңірлерде де өсім бар деп ойлаймын. Бірақ ол жылдың соңында, жылдық статистикалық қорытындылар шығарылған кезде байқалатын болар. «Экспо» міндеті, Ахметжан Смағұлұлы айтқандай, мүмкіндік туғызу ғана екенін естен шығармаған жөн. Ал олар қолданыла ма, жоқ па – мемлекеттік құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың қалауы мен қабілеттілігіне байланысты. Меніңше, Астана әкімдігі осы мүмкіндіктерді толық пайдалана білді. Бірінші сауалыңыз – шараның сәтті шығу тақырыбына оралатын болсақ, мысалы үшін, Астананың туристік бизнесі де осының жемісін көріп отыр. Туркомпаниялардың өздері де ұққанындай, саяхатшыларды Түркия немесе Мысырға делдал ретінде жіберуден гөрі, келушілер туризмі немесе ішкі туризмнің өзінен зор пайда табуға болады. Бұл нағыз жетістік. Егер ертеректе бұл қол жетпес арманға баланып, саяхатшыларды қабылдап отыратын, мәселен, сол Түркиядағы әріптестеріне қызыға қарайтын болса, қазіргі таңда бұл өздерінің де қолдарынан келетінін түсінді. Ендігіден былай олар осы нарық үшін таласатын болады. Демек, бұл ел экономикасына тиімді. Үшіншіден, дайындық барысында ашылып әрі күні бүгінге сақталған 50 мың жұмыс орны мен көрмені өткізу кезіндегі құрылған 20 мың жұмыс орны да жетістік екендігі күмән туғызбайтын шығар. Маған осындай табысқа жеткен мемлекеттік жобаның біреуін болса да атаңызшы!

–       Есімде жоқ, әрине...

– Төртіншіден, әлем бойынша медиалық және жарнамалық қамту бойынша көрсеткіш жалпы алғанда 2,6 миллиард адамнан асып түсті. Меніңше, Сіз, журналист ретінде бұның не екенін және ел үшін құндылығын түсініп отырған шығарсыз. Бесіншісі әрі ең маңыздысы, салыстырмалы түрде алғанда, шағын аумаққа күллі әлемнен әкелініп, паш етілген 193 озық технология арқасында біз қазақстандықтарды қарапайым сауалға жауап іздеуге итермеледік: егер әлем алдағы уақытта осы жетістіктердің жемісін көріп мен өмір сүрсе, біз қалай өмір сүреміз? Мен қызметіме байланысты әртүрлі адамдармен араласамын, соның ішінде кәсіпкерлермен де, осы үш айда олардан талай рет естігенім: «Біз ақшаны қажетті бағытқа салып жатырмыз ба? Мұнай тұрақсыз, құрылыс нарығы құбылмалы, мүмкін, технологиялармен айналысатын кез жеткен шығар?» Менің ойымша, егер Қазақстанда «Экспо» әсерінен он шақты орташа технологиялық компания құрылса, бұл ең үлкен жетістік болмақ.

– «Жасыл» технологиялар саласынанба?

– Неге жоқ. Нарықтың келешегі зор әрі мұнда бос тауашалар баршылық. Джон Кеннеди айтқандай: «Бізге бұрын-соңды болмаған дүниелер туралы армандай алатын жастар керек». Шын мәнісінде, келешегі зор жастардың дамуына қолдау көрсетіп және жағдай жасай отырып, біз мықты, инновациялық Қазақстанның әргетасын қалап отырмыз. «Экспо» – бұл еліміз бен астанамыздың абыройы мен беделі. Бұдан бөлек, көрме – Қазақстанның инновациялық-технологиялық дамуының итермелеуші күші.

– Президент «Экспо» өзін ақтап шыққанын айтқан еді. Елбасы сіздің компанияңыздың мәліметтерін пайдаланған болар. Егжей-тегжейлі айтып ере аласыз ба?

– Ұлттық компаниямызға қатысты айтатын болсақ, біз біршама табысқа қол жеткіздік, бұл 70 миллиард теңгеге жуық қаржы...

– Қалайша? Билет арқылы ма? 

– Ол арқылы ғана емес. Бізде демеушілеріміз болған, біз сауда қызметінен, лицензияланған өнімге құқық сатылымы және тауарлық белгіні қолданудан, т.т. ақша тауып отырдық. Естеріңізге сала кетсем, осыдан екі жыл бұрын біздің төрағамыз Ахметжан Смағұлұлы Есімов берген сұхбатында былай деген: «Экспо» – коммерциялық іс-шара емес, сондықтан одан түсетін пайданы саудалық теңгерім арқылы есептеп шығаруға болмайды». Менің ойымша, бұл дұрыс тәсіл. Жалпы алғанда, көрмеге дайындық 452 миллиард теңге сомасын құрағанын баршаға аян. Оның дені құрылысқа жұмсалғаны хақ. Көрме аяқталды, ал кешен қала бермек. Өзіңіз білетініңіздей, президент нысандарды көрмеден кейін қолдану бойынша тұжырымдаманы бекітті. Сондықтан бұл ғимараттар бос қалмайды. Демек, экономикалық тілмен айтқанда, бұл жаңа мемлекеттік активтер болып саналады. Бұны «Экспо» көрмесіне кеткен шығын деп есептеуге бола ма? Ресми шығыс бабы бойынша, иә. Ал экономикалық тұрғыдан қиыснға келмейді. Бұл болашағы айқын инфрақұрылымға қаржы бөлу. Ганновердеөткен көрмеден кейін сол кезде канцлер лауызымында болған Герхард Шредер айтқандай, «Экспо» құндылығын ақшамен өлшеуге болмайды». Сондықтан ақшадан бөлек, біздңғ қолымызда аса өтімді активтер қалды. Сонымен қатар, талай компаниялар – әуе тасымалдаушыларынан бастап қонақүйлер мен мейрамханаларға дейін айтарлықтай табыс тапқан. Қалай ойлайсыз, салық түрінде төленген немесе экспокірістен келіп, бизнесті кеңейтуге жұмсалған қаржыны «Экспо» өтелуінің бөлігі ретінде санау керек пе? Бәрін қосқанда, мемлекеттік тұрғыдан алып қарасақ та, экономика заңдарына әрі ақылға сүйенсек те, біз ғаламат экономикалық әсерге ие болдық.

– Есімов тағайындалғаннан кейін бірнеше рет шығынның қысқартылғаны туралы сөз етілді. Алайда осы мәлімдемелердің тарихына зер салсақ, бұл сан бірнеше рет өзгеріп, тіпті, өскенін байқауға болады. Бұл неге байланысты: сіздерде нақты есеп болмаған ба, әлде жоспарыңыз өзгере берген бе?

– Дұрысы, мүмкіндіктерді пайдаландық. Бірінші рет, шағын болса да, шығынды қысқарту 2015 жылдың тамызында, ұлттық компанияның топ-менеджменті екі есе қысқартылғанда орын алды. Нәтижесінде жылына 100 миллион теңгеге жуық қаржы үнемделді. Содан соң көрме кешенінің жобасы егжей-тегжейлі зерттеліп, функционалға зияын келтірмейтін артық элементтер алынып тасталды. Осы кезеңде 300 миллиард теңгеден артық сома үнемделді. Үнемдеудің соңғы кезеңі – операциялық және сервистік шығындар. Көптеген демеушілеріміз нақты ақшаны емес, қызметтерін ұсынып, бюджеттік ақшаны үнемдеуге көмектесті.

– Мысалы? 

– Мысалы,«Транстелеком» келіп, байланыс, Ғаламтор және коммуникациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп көмектесті де, біз осы қажеттіліктерге мемлекеттік қаржыны жұмсамадық. DHL компаниясымен келісім жасастық, мұнда да сондай жағдай. Осы кезеңдердің бәрін қосқанда 364 миллиард теңгеден артық қаржы үнемделді. Бұл жобаның бастапқы құнының 44,6% құрған.

– Сіздер жарияланымдарда, баспасөз баяндамаларында көрмеге мемлекет, үкімет басшылары мен өзге де жоғары лауазымды қонақтардың келгенін жиі жазып отырасыздар. Бұл «Экспо-2017» мәртебесін көтеру немесе басқа дипломатиялық мақсаттарда жасалып отыр ма?

– Иә, шын мәнісінде, «Экспо» барысында 28 мемлекет басшысы, 13 парламент спикері мен мемлекеттіа хатшысы, 10 премьер-министр, 26 премьер-министрдің орынбасары, 70 министр және 48 министр орынбасары қатысқан 220 ресми іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы «Экспо-2017» көрмесіне 45 шетелдік қатысушы елдің делегациясы келген. Көптеген мәртебелі қонақтарды Қазақстан президентінің өзі қарсы алып, көрме нысандарын көрсеткен болатын. Біздің елімізге бейілді саясаткерлер санының ұлғаюы – бұл да мемлекеттібеделін арттырудың маңызды бөлігі. Айта кетсем, көрме аясында энергетика, құрылыс, инвестициялар және т.б. салаларда қатысушы елдер мен Қазақстанның іскерлік және ғылыми-білім шеңберлерінің өкілдері арасында 39 келісім жасалды.

– Компанияның топ-менеджері ретінде емес, адами тұрғыдан айтсаңыз: көрменің өткізілуі Қазақстанға не берді?

– Шын мәнінде, біз бұл туралы бір сағат бойы сөйлесіп отырмыз. Ал бәрін тізіп шығайық: дайындық барысындағы дағдарысқа қарсы әсер – бұл бір, жаңа импульс, нақты айтсақ, келушілер туризмінің пайда болуы, экономиканың жеке секторларының дамуы, Астананың іскерлік орталығының пайда болуы, әлем бойынша ғаламат имидждік әсер, сондай-ақ, қазақстандықтардың ел экономикасының болашағын өзгеше елестетуі үміттенеміз. Бұл жаһандық тұрғыдан, ал жергілікті тұрғыдан қарасақ, қазіргі таңда Астана әкімдігі көрмеде ұсынылған әлемдік технологиялардың 16 таңдап, елордада енгізуге дайын. Тап осындай жұмысты көптеген басқа да өңірлер атқарып жатыр. Сонымен бірге, ғылым және білім министрлігі «Экспо-2017» көрмесінің нәтижесі бойынша жаңа «жасыл» технологияларды енгізу бойынша жұмыс тобын құрғаны белгілі. Бұл үшін сарапшылар тобы халықаралық павильондардың жаңа технологияларын зерттеді. «Экспо» көрмесін ұйымдастырмағанда осының бәріне қол жеткізе алар ма едік? Теориялық тұрғыдан, иә. Тәжірибе жағынан, екіталай.«Экспо» әсері бар әрі ол өсе бермек.

– Көрме басталғанға дейін оны жүргізуге байланысты көп сын айтылып, талай күмән келтірілген. Сол адамдарға айтарыңыз бар ма?

– Жоқ. Айтарымызды көрменің өзімен жеткіздік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1095
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1923
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1904