Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2262 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 22:00

Жан ЖАҚ. Папа Бенедикт, бері келші...

Қарағанды әкімі Бауыржан Әбдішевтің отыз жылдан астам төр бермеген Ленин көкенің ескерткішін лайықты жеріне қоямыз дегеніне қуанып едік. Ал, облыс әкімі Серік Ахметовтың аты аталған мына бір ақпарға не деп айтарымызды білмей, айран-асыр қалдық. Сөйтсек, Ватиканның мемлекеттік хатшысы Тарчизио Бертоне Астана саммитін жайғап тастаған соң, ресми «сауығын» Қарағанды облысында жалғастырыпты. Қызыл көйлегі жер сызған кардиналдың асты-үстіне түсіп, бәйек болған Серік Ахметов қазақтың, кешіріңіздер қазақ католиктерінің дархан пейілін, асқан қонақжайлығын үсті-үстіне көрсетіп жатса керек. «Оны қойшы, қонақ деп күтіп алған шығар» дейсіз-ау. Бірақ, Серік мырзаның «Қарағандыны еліміздегі католиктердің орталығы деп атауға болады» дегені сөз таппай, маңдайынан суық тер құйылғанда айтқаны деуге ауыз бармайды екен. Себебі, Секең анша-мұнша емес, Рим папасы Бенедикт он алтыншыны Қарағандыға қонақ болып қайтуға қолқа салып отыр. Сондағы, ресми сылтауы - «Қарағандыда құрылысы жүріп жатқан Мәрия ананың кафедралды шіркеуіне келіп, «освящение» дәстүрін жасап кетсе»... Тура осы мәтінді қағазға теріп, кардиналдың қолына қыстыра салған дейді. Мұндай жалын атқан ықыласты, жайнаған көздерді күтпеген Бертоне қалбалақтап, «Жақында папамен кездесемін, сонда Қазақстан жайлы, Қарағанды турасында айтамын. Мына шақырту қағазыңызды міндетті түрде тапсырамын... Өз қолына» депті.

Қарағанды әкімі Бауыржан Әбдішевтің отыз жылдан астам төр бермеген Ленин көкенің ескерткішін лайықты жеріне қоямыз дегеніне қуанып едік. Ал, облыс әкімі Серік Ахметовтың аты аталған мына бір ақпарға не деп айтарымызды білмей, айран-асыр қалдық. Сөйтсек, Ватиканның мемлекеттік хатшысы Тарчизио Бертоне Астана саммитін жайғап тастаған соң, ресми «сауығын» Қарағанды облысында жалғастырыпты. Қызыл көйлегі жер сызған кардиналдың асты-үстіне түсіп, бәйек болған Серік Ахметов қазақтың, кешіріңіздер қазақ католиктерінің дархан пейілін, асқан қонақжайлығын үсті-үстіне көрсетіп жатса керек. «Оны қойшы, қонақ деп күтіп алған шығар» дейсіз-ау. Бірақ, Серік мырзаның «Қарағандыны еліміздегі католиктердің орталығы деп атауға болады» дегені сөз таппай, маңдайынан суық тер құйылғанда айтқаны деуге ауыз бармайды екен. Себебі, Секең анша-мұнша емес, Рим папасы Бенедикт он алтыншыны Қарағандыға қонақ болып қайтуға қолқа салып отыр. Сондағы, ресми сылтауы - «Қарағандыда құрылысы жүріп жатқан Мәрия ананың кафедралды шіркеуіне келіп, «освящение» дәстүрін жасап кетсе»... Тура осы мәтінді қағазға теріп, кардиналдың қолына қыстыра салған дейді. Мұндай жалын атқан ықыласты, жайнаған көздерді күтпеген Бертоне қалбалақтап, «Жақында папамен кездесемін, сонда Қазақстан жайлы, Қарағанды турасында айтамын. Мына шақырту қағазыңызды міндетті түрде тапсырамын... Өз қолына» депті. Сонда деймін, жай бір ғибадатхананың «жаңарту» рәсімін өткізуге жергілікті діндарлары жетпей қалып па? Әлде, митрополит Александрды менсінбей тұрғаны ма? Батыс әлемінің бақуатты елдері католиктік бағыну жүйесінен бойын аулақ ұстауға тырысып жатқанда, біздің әкім дайын бұғауға басын салмақшы... Айтпақшы, Бертоне мырзаны ары да бері де сүйреп, Қарағандыдағы бар католиктік нысандардың басына апарғандай қылыпты. Қонақты қазіргі католик шіркеуіне де, монастырь, семинариясына да кіргізген Ахметов ақырында салынып жатқан шіркеудің ішіне кіріпті. Қонырауын кардиналға ұрғызыпты. Сырты Дағыстаннан тасылған тастармен әшекейленетін шіркеуде Австриядан жеткізілген орган қойылыпты. Онда ойнайтын сазгер де Австриядан «жеткізіліпті». Айтпағымыз, Орыс  православ шіркеуі уағызын үдетіп жатқанда, католиктерді емексіту кімге керек болды екен? Әлде, Серік ағамыз Ватиканның мемлекеттік құрылымын Қарағанды аббаттығына, кешіріңіздер облысына көшіргісі келе ме екен, а?

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413