Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4821 5 пікір 23 Қазан, 2017 сағат 08:26

Орыс әскерін ұлы қылып көрсету сол баяғы коммунистік саяси технология ғана

Орыстың киноларындағы "ертегі ерлігіне" әлі сенетін жандар көп екен. Кеше ғана осында бір әйел "9 рота" фильміндегі жастардың ерлігіне бас иіп, пора-порасы шығып, егіліп отыр еді. Ал шынында ол жерде бар-жоғы 6-ақ сарбаз оққа ұшқан болатын. Шабуылдаушы жақ та өте аз болған.

Орыстың сасық кеуде шовинизмі түкке тұрмайтын ұрыстан ұлы шайқас шығарыпты. Жалпы олар бұл тұрғыдан аса шебер. Енді кей қазақ Мәскеудің Шешенстандағы соғысы жайлы фильмдерді сүйіп көреді. Көргенде де ішкен асын жерге қойып тұрып қарайды. Олар "он орыстың мың шешенді тоқтатты деген өтірік кадрларына қызыға қарайды, орыстан асқан ұлы ұлт, олардан асқан жауынгер халық жоқ" деп санайды. Бірақ олар "неге орыс әскері соншалықты ұлы болса, бір айдың ішінде Шешенстанды тып-типыл жоқ қылып, мәселені шеше салмады, неге салпақтап Кавказда он жыл жүрді" дегенді ойланбайды. Олар неге Ауғанстанда он жыл алысып, нәтижесіз шықты дегенге ой жүгіртпейді.

Рас. Мойындаймын. Ресей әскері аса қуатты, бірақ ол ешқашан жеңіліс таппайтын күшке ие емес. Орыс әскерін ұлы қылып көрсету сол баяғы коммунистік саяси технология ғана. Оның әуселесі Ауғанда белгілі болған. Мен орысқа қарсы соғысқа үгіттеп отырғаным жоқ, тек әлемде Ресей әскерін ауыздықтайтын күштердің бар екенін де айтқым келеді.

Фильмнің бәріне сене бермеңіз, кино ол - САЯСАТ!

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379