Жұма, 22 Қараша 2024
Қоңырау 5080 0 пікір 25 Қазан, 2017 сағат 14:55

Салалық аударма және құжаттар тілі қандай? Ақылы курсқа асығыңыз!

man is looking for information in the dictionary close-up

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы түрлі салалардағы аудармашы мамандарға арналған 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізеді хабарлайды Абай-ақпарат.

 

Курстың тақырыбы: Салалық аударма және құжаттар тілі

Курста аударма ісі бойынша мынадай мәселелер талқыланады:

  • қазіргі таңдағы салалық аудармаларды сауатты аудару;
  • аударма жасаудың тиімді жолдары;
  • аударманың баламалығы;
  • салалық аудармада терминдердің бірізділігін сақтау

мәселесі;

  • ісқағаздарды жүргізуде тілдік норманы сақтауды қалыптастыру, құжаттар дайындауда нормативтік талаптарға сай дұрыс жазу ережесін сақтауға дағдыландыру.

Курсқа қатысып аударма саласы бойынша, іс жүргізудегі біліктілігіңізді арттырыңыз! Курстың ұйымдастырылуына (өткізілу форматына, лекторға) байланысты талап-тілектеріңіз болса, tilortalyk@mail.ru электрондық мекенжайына хат жолдауыңызға болады.

Курсты тәжірибелі сала мамандары, ғалымдар жүргізеді.

Курс – ақылы.

Өткізілетін уақыты: 25-27 қазан

Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран 7А

Толық ақпарат алу үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар:

8 (7172) 40 83 67; 8 707 518 10 18;  8 747 501 31 91

Абай-ақпарат

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295