Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2712 0 пікір 7 Желтоқсан, 2010 сағат 12:36

Нұра Матай. Абай сөзінің жаңа тынысы

Абай Құнанбайұлы 1904 жылы дүниеден қайтты. Содан бері 106 жыл өтті. Бірақ Абайдың сөзі өлген жоқ. «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған». Абайсыз бір ғасырдан астам уақытта қалың елі қазағы талай тауқыметті, қасіретті, қан жылаған қатігез жылдарды бастан өткерді. Өлмеді. Өшіп кетпеді. Тумысынан бекзат ел қандай күйде отырса да Абайдан бір елі ажыраған жоқ. Әр сөзі бойтұмарындай кеудесіндегі сандығында сайрап жатты. Күні бүгінге дейін Абай сөзі Алаштың әр баласының аузынан неше мың мәрте айтылып жатады. Абайдың ұлылығына күнде бас иеді. Бүгінгі қазақ - Абаймен сырлас дос.

Қырда туып, қырда өткен Абайдың өзі айтқан өлмес сөзі ұлы ойшылдың көзі қамасқан күннен бастап-ақ, жаңа өлмес, өшпес мәңгілікке жол алған. Тіпті, көзі тірісінде де қазақ ортасында Абай сөзі өтімі ерекше болғаны аян.

Әлихан Бөкейханның бас болуымен тұңғыш рет 1909 жылы Абайдың алғашқы кітабы жарық көрді. Алаштың ұлдары қазақтың бас ақыны деп Абайдың шын бағасын, мәртебесін берді. Мұхтар Омарханұлының «Абай жолы» қазақтың қасиетті қара шалын әлемге паш етті. Абайды зерттеу мен зерделеу үздіксіз жүріп келеді.

Абай әр дәуірмен бірге жасасып, қандай зама болса да, өз тұғырынан, баршаға жақын достығынан тайған жоқ. Технология ғасырында да Абай алға шықты. 2009 жылы «Аbai.kz» ақпараттық порталы қалың елге жол алды. Енді, міне, Абай сөзі CD дискі де басылып тағы да қараорман қазағына қауышып жатыр.

Күні кеше ғана «Азаттық» радиосы «Абайдың қара сөздері» деп аталатын дискінің тұсауын кесті. Сол шарада Азаттықтың блогстанында жарық көрген түрлі тақырыптағы шағын жазбалардың басы бірігіп, «Блогстан» деген кітап болып шыққаны да айтылды. Абай сөзі ырымға баланып отыр. Бұл - Абай сөзінің өлместігінің тағы бір дәлелі. Абай сөзі Алаш баласы үшін әр дүниенің өлшемі.

Барша Алаш баласын Абай айтқан толық адам болуға жазсын!

Абайшыл, Алашшыл болайық, ағайын.

«Абай-ақпарат»

Абайдың оныншы және жиырмасыншы қара сөздерін мына жерден тыңдай аласыздар. Қара сөздерді оқыған - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлжамал Қазақбаева

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437