«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Ұзақ мерзімді әріптестік арқылы тұрақты дамуға» деп аталатын конференцияға қатысты
Осы жылдың 7 желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) «Ұзақ мерзімді әріптестік арқылы тұрақты дамуға» деп аталатын конференцияға қатысты. Осы шараның шеңберінде ұлттық компаниялардың, даму институттары мен отандық тауар өндірушілердің тұсаукесер-көрмесі болып өтті.
ҚМГ ҰК Бизнесті қолдау жөніндегі басшы менеджері Серікбек Елшібеков конференцияға қатысушыларға ҚМГ ҰК еліміздің машина жасау кәсіпорындарын қолдау жөніндегі қызметі туралы әңгімелеп берді. Осы мақсатта компания «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ машина жасау өнеркәсібін дамытуға жәдемдесу Бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның құрамында республикамыздың 49 машина жасау кәсіпорны бар.
- Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші жылдары кәсіпорындар мұнай-газ жабдықтарының барлығы 20 түрін игерді. Бұлар негізінен қосалқы бөлшектер мен тораптар болатын. Ал 2010 жылы олар мұнай-газ жабдықтарының 320 түрін шығаруды игеріп отыр,- деп атап көрсетті С. Елшібеков
Отандық бизнес өкілдерін ұзақ мерзімге тапсырыспен қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ компаниялар тобы ұйымдары ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қою жұмысын жүргізуде.

Бүгінгі күнге қол қойылған келісімшарттардың жалпы сомасы 25 млрд. 800 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар конференция шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ ҰК 100%- еншілес кәсіпорны) мен «Мұнаймаш» АҚ арасында 2012 -2015 жылдары жалпы сомасы 8 млрд теңге болатын штангалы терең насостар жеткізу туралы, сонымен қатар «Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ100% еншілес кәсіпорны) мен «ҚазПетроМаш» ЖШС арасында 2011- 2015 жылдары жалпы сомасы 401 млн. теңге болатын шар крандары мен құбыр арматураларын жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылды.
Қазақстандық үлес бағдарламасын тауарлар, жұмыстар, қызметтерді жалпы сатып алу көлемін арттыруды жүзеге асыру шеңберінде ҚМГ ҰК 2010 жылдың 1 қарашасына дейінгі сатып алу сомасы 1 трлн. 607 млрд.теңгені құрады.
Сонымен бірге Қазақстанда тіркелген кәсіпорындармен келісімшарттың үлесі 77 пайызды, немесе 1 трлн. 237 млрд. теңге болып отыр.
Қазақстандық жеткізушілер ұсынатын СТ-KZ сертификатын ескере отырып, Бірыңғай әдіс бойынша қазақстандық үлесті есептеген кезде қазақстандық үлес 52 % немесе 841 млрд.теңгені құрады.