Сейсенбі, 26 Қараша 2024
5734 1 пікір 26 Қазан, 2017 сағат 10:50

Әлемдік БАҚ-қа шолу

Әріптестер мен жазылушыларға әлемдік БАҚ-қа шолу деп аталатын жаңа айдар ұсынамыз. Дайджесте әлемдік басылымның не жазып жатқанынан хабардар боласыздар. Егер сіздерге ұнаса, пікір қалдырыңыздар, бізге жазыңыздар.

Қытайдың Коммунистік партиясы президент Си Цзиньпинді партияның негізін қалаушы әке Мао Цзэдун деңгейіне дейін көтерді, оның аты-жөні мен теориясын партия Жарғысының мәтініне енгізді деп жазады New York Times. Бұл «тарихи шешім» елдің барлық шенеуніктеріне Си Цзиньпин мен оның саясатын сынау бұдан былай идеологияға қарсы келу болып есептелетінін ескертеді. «Енді оның теориясы мен ұрандары мектептерде, БАҚ-та, мемлекеттік мекемелерде пайда болуы мүмкін», деп атап өтеді басылым.

«Мен Сауд Арабияға бірқалыпты исламды қайтарамын», - деп мәлімдеді The Guardian газетіне берген сұхбатында тақ мұрагері, ханзада Мохаммед бен Салман. Оның сөздерінше, соңғы 30 жылда Сауд Арабияда Ирандағы Ислам революциясы әсерінен өте қатал ілімдер пайда болды. “Біздің ел G20-ға кіреді. Бізде әлемдегі ең ірі экономика бар. Біз үш континенттің ортасында орналасқанбыз. Сол себептен Сауд Арабия жақсы жағынан өзгерсе, аймақ та, әлем де өзгереді. Біз бәрінен қолдау табамыз деп үміттенеміз», - деп мәлімдеді бен Салман. Осының алдында тақ мұрагері Сауд Арабия, Иордания және Египет арасында тәуелсіз экономикалық аймақ құру жобасын мәлімдеген. «Сауд Арабия үкіметі бұл жобаға 500 миллиард доллар құюды қарастырып отыр», деп жазады The Guardian.

Түріктердің атасы Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болғаннан кейін 80 жылдан соң Түркияда „барлық түріктердің анасы“ пайда болуы мүмкін. Ультраұлтшыл саясаткер Мерал Аксенердің жақтастары оны осылай деп атайды деп жазадыFrankfurter Allgemeine Zeitung неміс газеті. Қызуқанды Аксенер 25 қазанда жаңа партия құруға ниетті екенін мәлімдеді. Оның мақсаты 2019 жылы өтетін президент сайлауында жеңіске жету.

АҚШ Hermitage Capital қорының басшысы және "Магнитский заңы"бастамашысы Уильям Браудерге Ресей оны Интерпол тізіміне енгізгеннен кейін, Америкаға визасыз кіруге рұқсат берді деп жазады Washington Post. Басылым Кремль Браудерді түрмеде қаза тапқан заңгер Сергей Магнитскийдің құрметіне ресейлік бюджеттен ұрланатын қыруар қаржының сызбасын ашып көрсетті. Өткен аптада Канада «Магнитский акті» деп аталатын жобаны жариялады. Онда Ресейде адам құқықтарын бұзып келген шенеуніктердің тізімін жариялаған. “Путин мені әлемдегі бірінші жауы ретінде санайды, өйткені мен оның осал жерін таптым”, - дейді басылымға Уильям Браудер.

Каталония үкіметі Мадридтің аймақта мерзімінен бұрын сайлау өткізу жоспарын қарап жатыр деп хабарлайды El Pais "Халық бірлігі кандидатурасы" (CUP) солшыл партияның төраға орынбасары Карлес Рьердің сөздеріне сілтеме жасап. Көптеген сепаратистік партияның лидерлерінің бірі мерзімінен бұрын өтетін сайлау - «бұл Каталония тәуелсіздігіне нүкте қоятын ядролық қару” деп атады. Тарихта бірінші рет Испания үкіметі елдегі провинцияның бірінің автономиясын шектеуді шешті. Үкіметі Конституцияға сүйеніп, «аймақтың бірі мемлекет алдындағы міндеттерін орындамай отыр, бұл Испанияның ұлттық мүддесіне қайшы. Үкімет сенаттың мақұлдауымен бұл жағдайды түзеу үшін заң аясында кез келген шара қолдауы мүмкін» деп жариялаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019