Николай Сванидзе: Әлем латынша жазады...
Қазақстан Президенті жарлыққа қол қойып, қазақ әліпбиі латынға өтетін болды деген ақпарат Ресей баспасөзінде де қызу талқылануда.
Про-кремльдік пропаганданың құлақ-кесті құлдары, сарыжағал саясаткерлер мен төсектегі теоретиктер қазақтың латынға көшуіне күпті көңілмен қарады. Олардың бірсыпырасын кеше жаздық.
Қазақ тілінің латынға өтуі - Ресейден іргені аулақтау әм түркілік интеграцияны жандандыру деп бағалады. Ананы айтты, мынаны айтты. Солардың ішінен көңіл аударуға тұрарлық деген аргументтерді жаздық.
Жә, орыстың саяси элитасында адекватты пікірлер де бар. Мысалы, Ресейлік журналист, тарихшы Николай Сванидзе қазақ тілінің латынға өтуі - саяси шешім емес, прагматикалық шешім деп бағалапты.
"Өйткені әлем латынша жазады.Егер қазақ жастары карьера қалыптастырып, кез келген мамандықты игергісі келсе, кирилицадан гөрі сөзсіз латынша оқуы тиімді оларға. Сол арқылы әлеммен жақындасады.
Егер бұрын Қазақстан Ресей империясы мен Сәбет одағының құрамында болып, кирилицаны қолданса, қазір Қапзақстан өзін әлемнің дербес мүшесі ретінде көреді. Сәйкесінше, олардың ойынша марганализацияланудың не керегі бар, ендігі жерде. Олардың ойынша - кирилица - мәдени марганализация. Әрине, "әлемнің көптеген елдері латынша сөйлеп, жазып жүр. Бар болғаны осы...", - депті "Мәскеу Жаңғырығы" бағдарламасына келіп, айтқан пікірінде.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда елші болып жүрген Кремльдің өкілі Михаил Бочкарников латынға көшу процессіне оң қабақ танытқан дұрыс деп мәлімдеме жасаған.
"Қазақстан - орыс тілі Конституциялық статусы бар елдердің қатарында. Ресей Қазақстанның бұл шешіміне дұрыс қарайды. Оның үстіне Президент Назарбаевтан бастап, барлық жоғарғы лауазымды билік өкілдері орыс тіліне қатысы жоқ екенін және орыс тілінің статусы сақталатынын айтты. Сондықтан, даурығатын себеп жоқ", - деген еді Елші.
Abai.kz