Бейсенбі, 29 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 160 0 пікір 29 Қаңтар, 2026 сағат 14:03

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Информ сайтынан алынды

ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қаза болуын тергеуге қатысты түсінік берді.

- Бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қорғаныс министрінің бұйрығымен комиссия құрылып, оны Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев басқарды. Осы орайда, оқиғаның мән-жайы егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр, - деді Асқар Мұстабеков Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ол бұл іске қатысты тергеу жұмыстары Бас прокурор мен Қорғаныс министрінің жеке бақылауында тұрғанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қаңтарда Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаруды ұстап жүрген кезде жарақат алып, көз жұмды.

Осы оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Abai.kz

0 пікір