Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3101 0 пікір 10 Желтоқсан, 2010 сағат 09:43

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара тәулік бойғы жұмыс кестесіне ауысты

Шымкент. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттері (БӨБ) тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Отаров хабарлады.

«Тәулік бойғы жұмыс кестесіне үш БӨБ ауысты. Бұл - көпжақты немесе халықаралық бекеттер деп атайтын «Жібек жолы» және «Қонысбаев» бекеттері. Олар арқылы автокөліктер де, жаяу жүргіншілер де өтеді. Және Үшіншісі – теміржол өткелі – «Сарыағаш станциясы», - деді Н. Отаров.

Сондай-ақ, ол шекара бекеттері 10 жыл бойы өзбек жағының бастамасымен күндізгі уақытта – сағат 8-ден 21-ге дейін жұмыс істеп келді. Бірақ екі ел үкіметтерінің арасында шекараның тәулік бойғы жұмысы туралы келісім бар.

«Біздің үкімет және Өзбекстан Республикасының үкіметі бұрын қол қойған келісімге оралды. Бұл мәселені тағы бір талқылап, тәулік бойы жұмыс істеу керек деген шешімге келді», - деді Н. Отаров.

«Біздің ұжым бұған толықтай дайын, кадрлар да, тәжірибе де жеткілікті. 6 желтоқсанан бастап бұл кестені сынап көрдік, қазір жұмыс жақсы жүріп жатыр», - деді «Жібек жолы» кедендік бекетінің бастығы Ғалым Бекетаев.

Ол алғашқы күндері жаяу жүргіншілер мен көліктердің ағыны айтарлықтай артпағанын айтты. «Жаңа кесте туралы бәрі білмейді. Бірақ адамдар көбейіп жатыр. шекараның екі жағында тұратын туыс адамдар көп. Көбі Ташкент әуежайына барады, жүктер транзиті де көп», - деді Ғ. Бекетаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1605
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3221
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1209
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1118