Сенбі, 23 Қараша 2024
5009 10 пікір 16 Қараша, 2017 сағат 08:15

Зимбабве президентінің әйелі билікті әскер басып алған соң елден қашып кеткен

Зимбабве президенті Роберт Мугабенің әйелі билікті әскер басып алған соң елден қашып шыққан. Бұл туралы Би-би-си телеарнасы хабарлады. Расталмаған мәлімет бойынша, Грейс Мугабе Намибияға кеткен.

Роберт Мугабе Зимбабвені шамамен қырық жыл – 1980 жылдан бері басқарып келді. Қазір ол үй қамауында отыр, жақын күндері отставкаға кетуі мүмкін. Зимбабве астанасы Харареге танкілер мен бронды техника кірді. Қалада жарылыстар мен атыс дауысы естілді. Бірнеше министр ұсталғаны хабарланды.

Билікті басып алған әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасамағанын, билік басындағы "қылмыскерлерге" қарсы шыққанын мәлімдеді. Олар Мугабе жақтастарын елдегі экономикалық қиыншылықтарға кінәлі деп есептейді.

Өткен аптада Мугабе вице-президент Эммерсон Мнангагвуды оставкаға жіберді. Мемлекет басшысы оны төңкеріс жасауға дайындалды деп айыптады. Мнангагваны Мугабенің мұрагері ретінде қарастырып келген. Оны әскер қолдайтын. Мнангагваның қызметтен алынуы дағдарысқа себеп болды делінеді.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502