Жұма, 29 Наурыз 2024
Аймақ 4766 0 пікір 7 Қараша, 2017 сағат 16:05

Жаңақаланың жұрты ауызсумен толық қамтылды

2017 жылдың 7 қарашасы күні БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті брифингке Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшин қатысып, өзі басқаратын өңірдің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігі туралы толық ақпарат берді.

Оның айтуынша, 2017 жылының 1 қазанындағы мәлімет бойынша Жаңақала ауданының бюджетіне 3 млрд. 383 млн 510,1 мың теңге көлемінде салықтар мен түсімдер, 2 млрд. 761 млн. 515,0 мың теңге мөлшерінде субвенциялар мен трансферттер түскен. Аудандық бюджеттің 9 айдағы кірістер жоспары 105 пайызға орындалып отыр.

Күні бүгін ауданда 84 заңды және 1096 жеке тұлға жұмыс істейді (1626 адам). 2017 жылдың 1 қазанына кәсіпкерлік субъектілері 3 млрд. 682,4 млн. теңгенің, өндірістік цехтар 74 млн. 491,0 мың теңгенің өнімін өндірді.
Аудан көлемінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту нәтижесінде аз қамтылған отбасылар саны азайып келеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 106 адам 403,7 млн. теңге несие алса, басқа қорлардан 80 адам 692,0 млн. теңге несие алды.

Барлық меншік түрін қосып есептегенде 2017 жылдың 1 қазанына аудан бойынша 52097 бас ірі қара, 201675 бас қой–ешкі, 21132 бас жылқы, 912 бас түйе есепте тұр. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын 29 шаруашылық тіркелгенАтап айтқанда еділбай қойын өсірумен 5 шаруашылық, көшім жылқысын өсірумен 3 шаруашылық, асыл тұқымды ірі қара  өсірумен 21 шаруашылық айналысады. Соның ішінде: қазақтың ақбас тұқымды сиырын өсіретін - 15, асыл тұқымды герефорд сиырын өсіретін - 3,  асыл тұқымды ангус сиырын өсіретін - 2,   сүтті бағыттағы қырдың қызыл сиырын өсіретін 1 шаруашылық бар. 14 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған (518 мүшесі бар).

Мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың есептік кезеңіне тұқымдық түрлендіру және асыл тұқымды мал сатып алғаны үшін 42017 бас малға 365,1 млн. теңге субсидия төленді. Инвестициялық салымдарды субсидиялау бағыты бойынша 34 шаруа қожалығы 54 млн. 766 мың теңге субсидия алды.
Аудан орталығы - Жаңақала ауылында мал сойып, ет тоңазытуға арналған комбинат қалыпты түрде жұмыс жасауда. Шаруа қожалықтары 57 бірлік техника сатып алды  (соның ішінде 28 техника лизинг арқылы).
Ауыл шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелердің бірі бұл - өзен-көлдер мен көлтабандарға су алу мәселесі. Бұл бағытта облыс басшылығының қолдауымен қазіргі таңда Киров-Шежін суарнасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сол арқылы ауданның аумағындағы Қараөзен мен Сарыөзенге Жайықтан су жіберіліп, өзен-көлдер мен көлтабандарды сумен қамту мәселесі шешімін табатын болады.
Ауданда жұмыспен қамту органдарына жолыққан 1124 адамның барлығы тұрақты жұмысқа орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа 355 адам тартылды, 402 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Ауданда 14 жалпы орта білім беретін, 7 бастауыш мектепте 3817 оқушы білім алуда, 7 мектепке дейінгі ұйымдарда, 12 шағын орталықтарда, 1 мектеп – балабақшада 1161 бала тәрбиеленуде.

Аудан бойынша денсаулық сақтау саласында 1 аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік – акушерлік пункт, 13 медициналық пунктте 28 дәрігер мен 151 орта буын медициналық қызметкер халыққа қызмет көрсетеді.
Аудан халқының 26,6 пайызын (6483) жастар құрайды. Ағымдағы жылы жас мамандарды ауданға тарту мақсатында 30 жас маманға 4 млн. 764,9 мың теңге көтерме ақы төленсе, 23 маманға тұрғын үй алу үшін 74 млн. 723,5 мың теңге несие берілді. Жалпы, жас мамандарды ауданға тарту мақсатында 2009 - 2017 жылдары аралығында  274 жас маманға 33 млн. 063,6 мың теңге көтерме ақы төленсе, 149 маманға тұрғын үй алу үшін 374 млн. 675,5 мың теңге несие берілді.

Аудан бойынша орталықтандырылған ауыз сумен тұрғындардың 42,5 пайызы қамтылған, бұл 10 332 адам. Үстіміздегі жылы Жаңақала топтық су құбырының құрлысына 2 млрд. 533 млн. теңге бөлініп, қазір құрылыс жұмыстары жүргізілудеТоптық су құбыры іске қосылғанда аудан тұрғындарының 79,1 пайызы (19 210 адам) таза сумен қамтылатын болады. Биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Пятимар, Бірлік, Мәстексай, Мұқыр ауылдарына су құбыры тартылуда (бөлінген қаржы 1119,8 млн. теңге, жалпы жобаның құны 1245,0 млн теңге).

Сонымен қатар, Жуалыой, Мұқыр, Сарыкөл, Жангелді ауылдарын табиғи газбен қамту үшін жобалық құны 184,0 млн. теңге тұратын газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Күні бүгін ауданда 20 162 адам табиғи газбен қамтылып, ол 87,1 пайызды құраса, жоғарыда аталған 4 ауыл табиғи газға қосылғанда 22 820 адам табиғи газбен қамтылып, көрсеткіш 93,9 пайызды құрайтын болады.

Сондай-ақ Жаңақазан, Жаңажол, Сарыкөл, Қырқопа ауылдарын ауыз сумен, Жаңақала ауылындағы тұрғын үй учаскелерін инженерлік инфрақұрылым желілерімен жабдықтауға, Мәстексай және Жаңажол ауылдарының мәдениет үйлері құрылысына, Жаңақала ауылынан 3 қабатты 21 пәтерлік жалдамалы тұрғын үй құрылысына, 3 қабатты 24 пәтерлік жалдамалы тұрғын-үй мен инженерлік желілердің құрылысына, Жаңақала ауылында 160 орындық денешынықтыру - сауықтыру кешені құрылысына, Жуалыой, Мұқыр, Сарыкөл, Жангелді елді мекендерінің әлеуметтік нысандарын газбен жабдықтау және ауыл ішіндегі желінің құрылысына, Салтанат, Саралжын, Плантация, Борық  ауылдарын табиғи газбен жабдықтауға, Жаңақала ауданы орталығының көшелеріне 3,5 шақырым жаяу жүргінші жолын салуға, Жаңақала ауылы С.Бабажанов, Астана, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Ғ.Салықов, Желтоқсан, 1-мамыр, Құрманғазы, Меңдіханов  және Жеңістің 30 жылдығы көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар жасақталды. Чапаев-Жаңақала-Сайхын автокөлік жолының 52 шақырымын жөндеуге 2 млрд. теңге қаржы бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұның сыртында Жаңақала ауылы көше жолдарының 5,7 шақырымын орташа жөндеуге 174342,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы барлық ауылдық округтерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жайластыру үшін 22121,0 мың теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ерғали Берікұлы

Батыс Қазақстан облысынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3605