Клинтон қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон қазақстандықтарға 16-17 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күнін аман-есен және қуанышты атап өтуді тіледі.
«Құрама Штаттарға осыдан 19 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған және оның тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіруін қолдаған бірінші мемлекет атану құрметі тиді», - деп атап өтті мемлекеттік хатшы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтауында. Оның мәтінін ҚР СІМ баспасөз қызметі таратып отыр.
«Жақында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның 11 жылдағы алғашқы саммитіне қатысу үшін Астанаға жасаған сапарым кезінде мен Қазақстан жетістіктерінің нәтижелерін алғаш рет өз көзіммен көрдім. ЕҚЫҰ-ға төрағалық және саммитті өткізу Қазақстанның аймақтық және әлемдік көшбасшы ретіндегі дамуындағы маңызды оқиғалар болды»,- деп есептейті АҚШ сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

Оның бағалауынша, тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі уақытта Қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
«Біздің халықтарымыз көптеген бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастық орнатып отыр: экономикалық байланыстарды нығайтуда, болашақтың сенімді энергетикалық жобаларын жасауда, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, ядролық қауіпті төмендетуде. Құрама Штаттар азаматтық қоғам мен жеке сектордың лидерлерімен де, ресми тұлғалармен де адам құқықтарына қатысты, барша азаматтар үшін тұрақты, қауіпсіз, демократиялық, гүлденген әлем құру салаларында бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін мақтан тұтады», - делінген құттықтауда.
«Біздің елдеріміздің арасындағы стратегиялық әріптестік Қазақстан мен оның халқы үшін жарқын болашаққа қол жеткізу деген ортақ мақсат жолында нығайып, тереңдей түседі», - дейді Х.Клинтон.