Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4311 0 пікір 27 Маусым, 2017 сағат 15:30

«Енші» енші алып, «Baqorda.kz» медиа компаниясы жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Өз өніміңді ұсын да, өркендеуге үлес қос» жобасының жеңімпаздарын жариялады.

«Тілдік-мәдени танымдық тележоба» аталымы бойынша «Media Promotion-Z» ЖШС-нің «Енші» телебағдарламасы үздік деп танылды.

Ал балаларға арналған анимациялық фильм (мемлекеттік тілді үйретуге арналған) әзірлеу бойынша «Baqorda.kz» медиа компаниясының «Сөз қазынасы» мультсериалы жеңімпаз атанды.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құжат айналымының автоматтандырылған электронды базасын жасау жұмыстарын Мемлекеттік тілді дамыту институты жеңіп алды.

«Үш тілді сайт құру» бойынша «ХБО «EDTECH-kz» ЖШС-нің ұсыныстары үздік деп танылды.

Төл тіліміздің мәртебесін көтеріп, аудиториясын кеңейтуге бағытталған жоба жұмысына сәттілік тілейміз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 851
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2239
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 568
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 547