Сенбі, 23 Қараша 2024
Қайраткер 5659 0 пікір 8 Желтоқсан, 2017 сағат 12:10

Ақынның нұрлы әлемі

Сыршыл лирик, қазақ поэзиясының көшін баянды белге қондырған тұлғалардың бірі, кезінде ұлы эпик Жамбыл Жабаевтың хатшысы болған Ғали Ормановтың 110 жылдығына арналған "Ғали ғибраты" әдеби-музыкалық еске алу кеші  Астанадағы "Жастар" театрында дүркіреп өтті. Ал, ақынның туған өлкесі - Алматы облысы Ормановтай оғыланын еске алған да жоқ. Естуімізше, ақынның 110 жылдығын мерекелер қатарында атап өтуге Алматы облысы мәдениет басқармасының бастығы Ақан Әбдіуәли дейтін жігіт қарсы болған көрінеді. 

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыра отырып, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Ғали Ормановтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан еңбегі жайлы насихаттап, оқушы бойына елжандылық, Отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді дарытып, рухани байлықты сіңіру. Сондай-ақ, еске алу кешінде мектеп мұражайының экспонаттары мен кітаптары қойылады.

Қазақ  даласы қаншалықты кең болса, жазушы,ақын Ғали Орманов оның бар болмысын, рухани қазынасын зерттеудегі еңбегі сол дархандыққа саятын еді. Шындығында,ақынның бар ғұмыры ұлтының ұрпағын түгендеп, жоғын жоқтауға арналды. Қашанда қаламын қазақпен ұштастырып отыратын Ғали Орманов  өз халқының ұмыт қалып, жадынан жылыстап бара жатқан ұлттық құндылықтарын жинауда көзінің майын тамызды, тірнектеп еңбек етті. Бір сөзбен айтқанда, Ғали Орманов – жан-жақты, бойында дарыны да, жалыны да бар ақын.

Қазақ әдебиетіне жиырмасыншы жылдың соңғы жылдарында дүниеге келген, қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақын  - Ғали Ормановтың туғанына 110 жыл. Осыған байланысты «Өмірімнің сәулесін, өреніме шашайын» атты Ғали Ормановтың 110 жылдық мерейтойы мектебімізде басталып,«Ақын ғұмыры» атты республикалық әдеби – сазды шығармашылық кеш Астана қаласы Жастар театрында  жалғасын тапты. Атаулы іс- шараға Алматы қаласынан арнайы келген ақынның қызы – Жәмиға Ғалиқызы, жиені Айдар Қырықбайұлы және  Астана қаласының зиялы қауымы ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлы, филология ғылымдарының кандидаты, алаштанушы Қайрат Сақ, белгілі журналист «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры Нұртілеу Иманғалиұлы.

Сонымен қатар салтанатты кешке ақынның туған жері Алматы облысы  Ақсу ауданы Қапал ауылындағы Ғали Орманов атындағы орта мектеп ұстаздары мен шәкірттері келді. Кешімізді Астана қаласы мемлекеттік филармониясының «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі ашты. LED экранда Ғали Ормановтың қазақ радиосының алтын қорында сақталған 1963 жылы берілген сұхбаты көрермендерге ұсынылды.

Ақынын  құрметеген қоғам қайраткері, өнержанашыры  «Нұр Отан» партиясының бірінші хатшысы Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы арнайы құттықтау хат жіберді: Ғали Орманов әдебиетімізге өткен ғасырдың 20-жылдарының соңында келіп, қазақ поэзиясының қалыптасуына үлкен үлес қосқан аса талантты ақын. Өлең-жырға құмартып, қисса-дастандарды жаттап өскен қаламгер жастайынан әдебиетке жақын болды. Ғалекең өлкелік газеттерде жарияланған алғашқы өлеңдерімен-ақ қалың оқырманның жүрегіне жол тапты. Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы бола жүріп жыр алыбының шығармаларын жас ұрпаққа жеткізуге зор еңбек сіңірді.

Орыс және шығыс классиктерінің шығармаларын қазақшалап, отандық аударма ісінің алға басуы жолында да ерекше дарынымен танылды. Өзінің де еңбектері өзге тілдерге тәржімаланып, қазақ әдебиетінің аясы кеңейе түсті.

Баршаңызды қазақ әдебиетіндегі орны бөлек осынау қаламгердің 110 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыруда мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Бүгінгі кешті руханиятымыздың көкжиегін кеңейтетін сондай игі істердің бірі ретінде қабылдап, оның ойдағыдай өтуіне тілектестігімді білдіремін.

Астана қаласының «Наз» би театры өз өнерлерімен кешіміздің көркін аша түсті. №7 мектеп – гимназиясының «Асыл сөз» үйірмесінің өнерпаздары « Түскен жоқ өлеңіне ешбір қылау» атты ақын өлеңдерінен үзінділер ұсынды.Ақын бойындағы асыл қасиеттерді Ғали Ормановтың «Сақ жүр!» өлеңіне құрылған театрландырылған көрініс көпшіліктің көңілінен шықты. Ғали Ормановтың сөзіне жазылған Серік Сыздықовтың әні «Ауылға», Кежехан Керейбаев «Шәкірт алғысы», «Ана қарызы»әндерін  жас әншілер Оралбек Тастанбек, Досмағамбетов Нәби және Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназиясының 7 сынып оқушысы  Рүстембеков Нұр орындады. Оңтүстік Қазақстан облысының Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония әншісі Гүлзада Нұржанова және Тұрар Әлменов «Желдірме» әнін домбырада орындап, Алматыдағы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы  Бейсеқожа Ғаламат «Атадан мұра» күйін күмбірлете тартты.Ғали Ормановтың сөзіне жазылған Кенжехан Керейбаевтің «Жетісу жері- киелі»атты әнін гимнзияның оқушыларынан құрылған хор орындады.

Кеш соңында Ғали Орманов атындағы №7 мектеп – гимназиясының директоры Айтова Жанат Тұрысбекқызы сөз алып, ақынның қызы – Жәмиға Ғалиқызын сахна төріне шақырып,сый – құрмет көрсетті. Жәмиға Ғалиқызы әкесі туралы естеліктер айтып,  кешті ұйымдастыруына қолдау көрсеткен Астана қаласы Мәденениет басқармасына, Білім басқармасына шексіз алғысын білдірді.

Ғали атамыз – қазақ әдебиет тарихындағы көрнекті тұлға, қазақ санасын сілкіткен рухани шамшырақ. Қазақ халқының тағдырына біткен жарық жұлдызы. Сондықтан да оның қазақ руханиятын, ғылымын дүниеге танытудағы мұрасын зерттеу,насихаттау уақыт талабы. Қазақ атты те­гімізде көбе бұзар ақ сұр жебемен бола­шаққа атылған еңсе­міз­ді танытар, қаді­рімізді ұқтырар, қасие­тімізді мойындатар бойтұ­мар­лы киеміз.

"Ең бастысы әке атына кір келтірмей, абыроймен өмір сүру керек. Ол өте адал адам еді. Өз ар-ұятынан аттап басып, өзі туралы жар салуға құлшынбайтын қарапайым еді", - деп еске алады ағартушының қызы Жамиға Орманова.

"Бүгін біз үшін ерекше күн, ақынның барлық шығармасы мен жұмыстарын  жылдар бойы осы мектепке жинап топтастырдық. Біз 120 адам шақырдық, олардың арасында Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және мұғалімдер мен оқушылар, журналистер бар", - дейді № 7 мектеп-гимназияның директоры Жанат Аитова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375