Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
5811 6 пікір 11 Желтоқсан, 2017 сағат 10:23

Испан сәулетшісі Астананы күмбезбен көмкеремін деп Назарбаевқа уәде берді

Астананың басты көшелерінің бірі - Нұржол бульвары испан сәулетшісінің жобасы бойынша "мәңгі жаз" болып тұрады. Онда Норман Фостер мен Кисё Курокаваның ғимараты бар. Қала билігі бұл бюджет есебінен емес, жеке инвестиция есебінен салынады деп уәде береді.

"Астана күмбезбен көмкеріледі", - деп бірінші рет Қазақстан президенті 2012 жылы мәлімдеген. Содан бері Астана билігі мұны тек талқылаумен шектеліп келген. Таяуда Испанияның танымал сәулетшісі Сантьяго Калатрава сол күмбезді салуға ниет білдірген. Оның әлемге әйгілі туындыларының ішінде Валенсиядағы Өнер және ғылым қаласы, Висконсин штатындағы Милуоки көркемдік музейі, Санта-Крустағы опера театры және Иерусалимдегі ішекті көпірі бар.

Калатраваның президентпен талқылаған жобасы бойынша, ол сәулетші Кисё Курокава салған Нұржол бульварын толықтай күмбезбен көмкереді. Бұл көшені астаналықтар жасыл желек бульвары деп атап кеткен. Ол президент резиденциясын британдық сәулетші Норман Фостердің туындысы Хан-Шатыр сауда орталығымен біріктіреді.

Әзірге Астана әкімдігі жобаның жалпы құны мен салынатын мерзімі туралы тіс жарып, ештеңе айтпайды.

"Біз үшін бұл қаланы безендіріп тұратын сәулет өнері ғана емес, онда орта және шағын бизнес үшін көптеген жұмыс орны ашылады деп үміттенеміз", – дейді қала мәрі Әсет Исекешов.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1055
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2602
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 738
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700