Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 6937 15 пікір 11 Желтоқсан, 2017 сағат 10:37

Дәнекерлеуші болып жұмысқа тұру үшін орыс тілін білу міндетті ме, Тамара ханым? 

Қазақ тілінде сөйлейтін жұмыссыздардың құқығы өрескел бұзылып жатыр, - деп жазады өзінің "Фейсбуктегі" жеке парақшасында қоғам қайраткері әм экс-депутат Мұрат Әбенов.

Елімізде жұмыссыз жүргендердің көбісі ауылдан қалаға келген қазақ жастары. Оны "Серпін" бағдардамасын іске асырып жүріп жақсы білемін. Амал жоқ, туған өлкесінен, ата-анасынан алыстап қалаға барып жұмыс іздеуге мəжбүр. Оларға бос орын табуға қандай жағдай жасалғанын білгім келіп "AstanaOpen" жобасының жоспары бойынша өткен аптада Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында болдым.

Орталықтың кіреберістен халық үшін жағдай жасалғаны көрініп тұр. Яғни жұмыс іздеушілер үшін отыратын орындар, балаларға арналған кішігірім ойын алаңы, ақпараттық тақтайшылар және арнайы жұмыссыздарға өздері бос орын іздейтін ақпараттық жиынтығы бар "enbek.kz" сайтының парақшасы ашылған компьютерлер қойылған.

Бір топ компьютерде отырған жұмыс іздеушімен жеке сөйлестім. Мен үшін оның "қалай жұмыс іздеп отырғаны, көрсетіліп жатқан қызметтерге риза ма" деген сұрақтарға жауап алғым келді. Олар жақындаған бойдан "Enbek.kz" электронды еңбек биржасы жұмысына өз шағымын білдірді.

"ЕҢБЕК ПОРТАЛЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ МҮЛДЕМ АҚПАРАТ ЖОҚ" дейді.


Содан кейін әлгі жігітпен бірге орталықтың толық қызметін алу мақсатында, халыққа қызмет көрсету бөліміне бардық. Орталық қызметкерінен ауызша қазақ тілінде ақпараттар алдық. Алайда, мен "Еnbek.kz" электронды биржасының" мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейтіні жайлы ескертулер айтқан едім. Бірақ, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері "Электронды биржаның" жұмысына қатысты мәселені шеше алмайтындығын атап өтті. 

Бірге отырып мынадай кемшіліктерді тіркедік - «Бос орындар» туралы мәліметтер, мамандық атаулары барлығы тек орыс тілінде толтырылған.
Қайта-қайта қазақ тілін таңдап көрдік. Мысалы көп талап етілетін мамандық - "дәнекерлеуші" деп іздеп көрдік. Ана тілімізде Бос орындар туралы ақпарат шықпады. Ал орыс тілінде "сварщик" деп көрсетіп едік көптеген бос орын табылды.
СОНДА "дәнекерлеуші" болып жұмысқа тұру үшін орыс тілін білу міндетті ма? 

Осында бір күрделі сұрақ туындайды: жұмыс іздеуші қазақ тілінде сөйлеп-түсінетін ғана азамат делік, ендеше ол аталмыш базаға кіріп нені түсінеді?

Бұл – сайтты әзірлеуші, яғни Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес азаматтардың конституциялық құқықтарын өрескел бұзып отыр деген сөз.

Сонымен қатар, «Тіл туралы Заңның» бірнеше баптары бойынша заңбұзушылықтар бар.

Дейтұрғанмен, Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын өзім көргеннен кейін пікірім оң. Орталық қызметкерлері бар мүмкіндігінше халықты жұмыспен қамтуға тырысып, өз қызметі шеңберінде талмай еңбектенуде. Ескертулер бар. Ескертулер мен шағымдарды орталық директорына өзім жеке жеткіздім. Оның «дұрыстаймыз» деген жауабын алдым.

Ал ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл заң бұзушылықты тез арада тоқтату керек. Азаматтар өз елінде мемлекеттік тілде мемлкеттік мекемеден қызмет талап етуге құқығы бар.

Осы Электронды биржаға жұмсалған қаржыны тексеруді талап етеміз. Егер тек бір тілде жасалған болса - онда қазақ тіліне бөлінген қаржы қайда кетті?

Мұрат Әбенов

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406