Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 4082 0 пікір 29 Қараша, 2017 сағат 16:10

Алматы қаласының нақты бар бюджеті 452,8 млрд.теңгені құрады

Тәуелсіздіктің 25 жылының ішінде Қазақстан қолайлы инвестициялық ахуал құру және әрі қарай экономикалық өсу жолында құралдар қорын құрды. Бұл мақсаттарда стратегиялық маңызы бар мемлекеттік бағдарламалар құрылады және оларды жүзеге асыру бойынша шаралар іске асырылады.

Өткен жылдың қорытындыларына сүйенсек, негізгі капиталға салынған инвестициялар Алматы қаласы бойынша 532,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 2,3%-ға жоғары. Алматы қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары игерген негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесі республикалық көлемнің 7,6%-ын құрады.

Алматы қаласының экономикасына инвестицияларды тарту бойынша қолайлы жағдайлар жасау үшін Алматы қаласының әкімдігі экономикалық өсудің келесі орындарын белгіледі:

«Алматы қаласының Алатау ауданында Индустриалды аймақ құру» жобасын іске асыру. Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтың қызметінің бағыты – бұл қала үшін дәстүрлі өндірістік салаларды (тамақ, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, химия, машина жасау, құрылыс, жиһаз өнеркәсібі) әрі қарай дамыту болып табылады.

Алматы қаласында 2003 жылдан бастап, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «ИТП» АЭА) жұмыс істейді. «ИТП» АЭА өзін инновациялық ХАБ, біріккен ғылыми-білім, жобалау-құрылма және өндірістік кластер ретінде көрсетеді. «ИТП» АЭА жобасының негізгі мақсаты жаңа технологияларды тарту, сондай-ақ ақпараттық технология (IT), телекоммуникация және байланыс, электроника және аспап құрастыру, энергия көздерін жаңарту, ресурсты үнемдеу және табиғатты тиімді пайдалану, түрлі мақсаттағы материалдарды шығару және оларды қолдану, мұнай мен газ өндіру, оларды өңдеу және тасымалдау салаларындағы жаңа кәсіпорындарды жан-жақты қолдау және олардың өсуі болып табылады.

Алматы қаласында «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді, оның қызметі әрі қарай шетелдік инвесторлардың деректер қорын қалыптастыра отырып, қала үшін басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шетелдік және отандық инвесторларды іздестірумен байланысты.

Инвестицияларды тарту бойынша қызметті белсендіру, сондай-ақ қолайлы инвестициялық ахуал құру мақсатында 2015 жылғы 9 қарашада Алматы қаласының әкімі Б.Қ.Байбек Алматы қаласына инвестицияларды тарту жөніндегі Қадамдық жоспарды бекітті. Жоспарда 28 іс-шараны іске асыру көзделген, олар үш топтамаға бөлінген. «Инвесторларға жағдай жасау», «Инвесторларды тарту» және «Инвестициядан кейінгі мониторинг».

Алматы қаласына инвестицияларды тарту мақсатында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, жыл сайын « Almaty Invest » халықаралық инвестициялық форумын өткізіп тұрады, онда қаланың инвестициялық мүмкіндіктерінің, қаланың қаржылық құюды талап ететін экономикалық салаларының, сондай-ақ ірі жеке инвесторларды тарту үшін қажетті жағдайларының тұсау кесерлері көрсетіледі.

Күні бүгінде Алматы қаласы импортының құрылымына талдау жүргізілді. Нәтижесінде, аса ірі көлемдерде импортталған 86 тауарлық топ белгіленді. Жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша импортты ауыстыруға бағытталған 48 инвестициялық жобадан тұратын тізбе құрастырылды. Қазіргі уақытта, аталған жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тарту бойынша жұмысы жүргізілуде.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының шеңберінде айтылған тапсырмасын орындау мақсатында Инвесторларды тарту және Алматы қаласының инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі міндеті Алматы қаласында инвестициялық ахуалды жақсарту, Алматы қаласының экономикасына инвестицияларды тарту бөлігіндегі инвестициялық стратегияны, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кеңес құрамына шетелдік және отандық инвесторлар, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік инвесторлар қауымдастықтарының, даму институттарының өкілдері енгізілді.

Бұдан басқа, инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою, сондай-ақ оларды тиімді алып жүруді қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әкімінің өкімімен Алматы қаласына инвестицияларды тарту жөніндегі ұсыныстарды өңдеу бойынша Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен даму институттары басшыларының орынбасарлары кірді.

Алматы қаласында даму институттарының қаржылық және қаржылық емес өкілдіктері (Қазақстанның инвестициялық қоры, «Invest» АҚ, ҚДБ) негізделген, олар кеңес беру және шетелдерде іс-шаралар өткізу жолымен Алматы қаласына инвестицияларды тартуға және оларды арттыруға ықпал етеді.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында  сыртқы экономикалық қызмет бөлімі жұмыс істейді, ол Алматы қаласына инвестицияларды тарту мәселелеріне жетекшілік етеді.

Қазіргі таңда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендегідей нәтиже беріп отыр.

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 650,3 млрд. теңгені құрады. 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,6% құрады.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 457,9 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 115,7%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 226,9 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,2%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар – қазан айларында 1 215,65 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2016 жылдың қаңтар – қазан айларымен салыстырғанда 6,7%-ға артық.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 4,1%-ға өсті және 1 964,7 млрд. теңгені құрады.

Көтерме тауар айналымы 7 791,2 млрд. теңгені құрады (101,0%).

Жүк айналымы мен жолаушылар айналымы 100% құрады.

Байланыс қызметінен түскен кіріс 354,7 млрд.теңгені құрады (104,6%).

Тұтыну бағасының индексі 2017 жылдың қазанында 2016 жылдың желтоқсанына 105,2%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 104,9%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –106,6%, ақылы қызметтер бойынша –104,1% -ды құрады.

Мемлекеттік бюджетке 1 368,8 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 102%, оның ішінде республикалық бюджетке – 1 009,5 млрд. теңге (жоспар 100%), жергілікті бюджетке – 359,3 млрд. теңге (жоспар 108% ) түсті.

Алматы қаласының нақты бар бюджеті 452,8 млрд.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджет шығындары – 346,1 млрд. теңге, республикалық бюджеттен трансферттер және несиелер – 106,7 млрд. теңге.

2017 жылдың 1 қазанына қаланың жұмыспен қамту Орталығы арқылы 27 558 адам іс-шаралармен қамтылды, оның ішінде 11 928 адам жұмысқа тұрды, әлеуметтік жұмыс орындарына 538 адам, жастар тәжірибесіне 907 адам. Қоғамдық жұмыстарға 2 361 адам қатыстырылды, кәсіби оқуға 4 838 адам жіберілді.

2017 жылы ИИДМБ шеңберінде Алматы қаласының кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша 13,0 млрд. теңгелік, 740 жұмыс орындарын құратын 17 жобалар іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 2 142,5 млн. теңгелік, 427 жұмыс орынын құратын 11 жоба іске қосылды.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282