Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5217 3 пікір 14 Желтоқсан, 2017 сағат 11:06

Бар бәле – бөліністе

Жаһандық тұрмыстық ахуалды бағалайтын халықаралық беделді ұйымдардың бірі Credit Suisse Research Institute жуырда бізді «2017 жылы әлемдегі кедей елдердің қатарында» деген байлам жасады.

Бұл ұйым елдің жалпы көрсеткіштерін емес, үй-шаруашылығы жағдайын, жинаған қаражаты мен қарыздарын есепке ала отырып нақты көрсеткіштерді шығарады. Сонымен бірге ол елдің жалпы байлығының көптігіне қарамайды, сол байлықтың қалай бөлінетінін саралайды. Сонда қазақстандықтардың нақты табысы азайып, қарыздары көбейіп кеткені көрініп қалған. Мұндай көрсеткіш медиалық деп аталады. Ол байлардың байлығын кедейлердікіне қосып, орташасын анықтау үшін санына бөле салатын жалпы көрсеткіш емес, нақты көрсеткіш.

Медиалық индикатор жоғары дәрежедегі байлар мен өте төменгі дәрежедегі кедейлердің хал-ахуалын есептен шығарып тастап, тек халықтың орта дәрежеде тұратындарының жағдайын ғана бағалайды.  Егер жалпы көрсеткіш әрбір қазақстандықтың 2017 жылғы орташа табысы 4441 доллар десе, медиалық индикатор оны 334 доллар деп анықтаған. Айырмашылық 13 есе... Басқа ешқандай елде мұндай айырмашылық жоқ екен. Сонымен қатар қазақстандықтардың 98 пайызының жылдық табысы 10 мың доллардан төмен, тек 2,1 пайызы ғана бұдан жоғары.

Мәжіліс депутаты А.Қоңыров осыларды көрсете отырып Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың атына сауал жолдап, еліміздің байлығы дұрыс бөлінбей отыр, соны жөнге салу жолдарын анықтау керек екенін айтып, дабыл көтерді. Бірақ содан бірдеңе шықса игі...

Серік  ЕЛЕУ, сарапшы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445