Бейсенбі, 26 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 128400. Жазылғандар — 114821. Қайтыс болғандар — 1990
Қоғам 4612 32 пікір 15 Желтоқсан, 2017 сағат 13:03

Мемлекеттік марапат кімдерге бұйырды?

Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірсыпыра азаматты Мемлекеттік наградамен марапаттады.

«Қазақстанның Еңбек Ері» дәрежесін алғандар:

1. Ахметжан Есімов - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы;

2. Руслан Қуатов - «Теңізшевройл» ЖШС-нің менеджері, Атырау облысы;

3. Жақсылық Үшкемпіров - «Жақсылық» ШҚ басшысы, Жамбыл облысы;

«Отан» ордені:

4. Даниал Ахметов - ШҚО әкімі;

5. Бердібек Сапарбаев - Ақтөбе облысының әкімі;

6. Аманғос Тулеуов - «Степное» ЖШС-нің дтректоры;

III дәрежелі «Барыс» ордені:

7. Қайыргелді Қабылдин - «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ-ы басшысының үкіметпен байланыс бойынша орынбасары;

8. Нұрлан Оңжанов - президент көмекшісі;

9. Әнес Сарай – жазушы, Астана қаласы;

«Парасат» ордені:

10. Ақпарат және коммуникация министрі - Дәурен Абаев;

11. Жақып Асанов - Жоғарғы сот төрағасы;

12. Марат Бекетаев - әділет министрі;

13. Жеңіс Қасымбек - инвестиция және даму министрі;

14. Меруерт Өтекешова - М.Әуезов атындаға драма театр әртісі;

II дәрежелі «Достық» ордені:

15. Заал Бочоришвили - ОҚО Грузия мәдени орталығының төрағасы;

«Құрмет» ордені:

16. Базаркүл Бердікенова – мұғалім;

17. Қанат Ислам – боксшы;

18. Төлеген Мұтышев - Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері;

19. Ерлан Сағадиев - білім министрі;

20. Әсел Сәдуақасова – киноактриса;

III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені:

21. Игорь Китаев - «АрселорМиттал Темиртау" металлургі;

22. Мукарам Абубахриева - "Астана Балет" театрының бас балетмейстері;

23. Жандарбек Мәлібекұлы – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры;

II дәрежелі «Даңқ» ордені:

24. Сұлтан Кәмалетдинов – Аумақтық қорғаныс бас басқармасының бастығы - Қазақстан Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерінің бастығы;

25. Андрей Каскеленов – Ұлттық гвардияның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штаб-пәтері бас қолбасшысының бірінші орынбасары;

II дәрежелі «Айбын» ордені:

26. Жанат Ермұханов – қорғаныс министрлігінің 18404 Қамбарұлы әскери бөлімінің командирі;

27. Жанат Саиполдаев - Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы қызметінің антитеррорлық орталығының штаб бастығы;

III дәрежелі «Айбын» ордені:

28. Ержан Жақаев – Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің «Айбын» президенттік полкінің 0112 Тұрарбекұлы әскери бөлімінің командирі;

«Ерлігі ушін» медалі:

29. Руслан Базарбаев – Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің жедел кезекшісі;

30. Андрей Югай - Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұлттық бюро бастығының орынбасары.

Abai.kz

32 пікір