Сенбі, 23 Қараша 2024
Дидар-ғайып 4765 5 пікір 20 Желтоқсан, 2017 сағат 13:37

Бүгін қазақ "Төлегенімен" қоштасты

Бүгін М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әртіс Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі өтті.

Қоштасу рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұқамедиұлы жиналған қауымға көңіл айтып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту хатын оқып берді. Министрден кейін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Алматы облысы, Маңғыстау облысы, Батыс Қазақстан облысы әкімдерінің орынбасарлары әйгілі әртістің отбасы мен көрермендеріне көңіл айтты.

Театрдың ақсақалдары, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов пен Сәбит Оразбай қабырғасы қайыса өнердегі інісімен қоштасу сөзін сөйлеп, жанының бейіште болуын тіледі. Асанәлі Әшімов біраз уақыт бұрын ғана АҚШ-та 10 күндік іс-сапарда бірге болғанын айтып, «Ол кезде арамыздан кетіп қалатынын білмедік қой. Білсем, құшақтап сүйіп қалар едім ғой, Құманның жақсы адам екенін елдің бәрі біледі. Бәрінен де мен жақсы білем, жаны сондай таза адам еді» деген өкінішін білдірді. "Қыз Жібекті" түсіргенде Әнуар Молдабек үшеуіміз бір бөлмеде тұрып едік. 22 жастағағы жап-жас жігітті ортаға алып, өнеріне шын жанашырлық білдіріп, білгенімізді үйретіп едік. Содан бастап өнердегі інім, досым, саханадағы серігім болды» деді.

(Суреттер "sputniknews.kz" сайтынан алынды)

Қоштасу рәсімінің соңында әртістің кино және театрдағы рөлдерінен 4 минуттық видео-ролик көрсетіліп, арнайы жоқтау айтылды. Құман Тастанбековтің денесі бүгін Кеңсайдағы қорымға жерленді.

Қазақтың Төлегенінің рухы, жасаған өнері, халық алдындағы образы халықпен бірге жасай бермек.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415