Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2336 0 пікір 22 Желтоқсан, 2010 сағат 05:11

Еліміздің басым аумағында ауа температурасы одан ары суытып, бұрқасындатып, көктайғақтанады – Қазгидромет

Алматы. 22 желтоқсан. ҚазТАГ - «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым территориясы антициклон тармағының ықпалында болады. Республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс облыстары арқылы атмосфералық тұтас ағым ығысады деп күтілуде.

Метеоқызмет мәліметтерінше, Астанада ала бұлтты, жауын-шашынсыз, шығыстан 9-14 м/с жел тұрады, ауа температурасы -22-24°С.

Алматыда ала бұлтты, кейде қар жауады, тұман түседі, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы -4-6°С.

Алматы облысында қар жауып, тұман түседі, көктайғақтанып, ауа температурасы -1-6 °С, тауда қалың қар жауады деп күтілуде. Жамбыл облысында қар жауып, жел 15-20 м/с болады, ауа температурасы -2-7°С. Оңтүстік Қазақстан облысында - түнде қар жауады, кейде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз ауа температурасы 0+5°С, Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, ауа температурасы -7-12°С, Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел 15-20 м/ с болады, ауа температурасы +3+8°С,  Атырау облысында аздаған жауын-шашын, ауа температурасы 0+5°С, Батыс Қазақстан облысында - жауын-шашын, кей жерлерінде көктайғақ, 18 м/с жел тұрып, ауа температурасы -2+3°С, Ақтөбе облысында қар жауады, кей жерлерінде бұрқасындатып, күндіз екпіндетіп 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -2-7°С, Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -10-15°С.

Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы тиісінше -25-30°С және -20-25°С болады. Павлодар облысында да жауын-шашынсыз, ауа температурасы -23-28°С, Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, ауа температурасы -20-25°С, Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауады, кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -15-20°С болады.

Жақын күндері Қазақстанның солтүстік бөлігінің өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі одан ары жалғасады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейі құбылып тұруы мүмкін.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413